Жаңбырдың зияны тимейді

Екі күннен бері Қостанайда жаңбыр толассыз жауып тұр. Облыстық ауылшаруашылығы басқармасының берген мәліметеріне қарағанда мұның егінге пайдасы тимесе, ешқандай зияны жоқ.sovmin-nachal-peregovory-po-organizacii-iskusstvennyh-dozhdey-v-krymu_1 Осының алдында Жанкелдин (24 мм), Аманкелді (22) Жітіқара (25), Қамысты (21), Денисов (23) аудандарында жаңбыр жауған еді. Енді желдің бағыты өзгеріп, нөсер облыстың солтүстік-орталық бөлігіне ауысқан. Ең көбі — Қарасу ауданында екі күн  бойы жерге  91 мм ылғал түскен. Топыраққа сіңген ылғалдың мөлшері Қарабалықта-44 мм, Қостанай ауданында – 45 мм, Меңдіқарада-76 мм, Сарыкөлде-74 мм, Таранда-72 мм, Ұзынкөлде-56 мм, Федоров ауданында-36 мм-ге жетті.
-Бұдан еш қорқудың қажеті жоқ. Керісінше, егіннің бітік шығуына себі тиеді. Тек, енді күннің көзі ашылса болды, — дейді облыстық ауылшаруашылық басқармасының бөлім меңгерушісі Сәлімжан Есенаманов.
 
                                   Әлібек ЫБЫРАЙ

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓