Қостанайлықтар мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды (фоторепортаж)

Негізінен, Жеңіс саябағындағы мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімі сағат 11:00-ге жоспарланған. Алайда, жұртшылық таңғы 9-дан бастап саябақ маңына жинала бастады.IMG_0457
IMG_0524
IMG_0516Белгіленген уақыт таяғанда Алексей Губенко жетекшілік ететін оркестрдың әуені естіліп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Шеруді шенеуніктер бастап, ардагерлер мен кадеттер қостаған, соңын батырлардың суретін көтерген қалың жұртышылық түйіндейді.IMG_0473
 
IMG_0470Шеру Тәуелсіз солдатқа арналған ескерткіштің алдына келіп тоқтады. Сағат тура 11:00-де бір минут үнсіздік орнап, майданда қаза тапқандарды еске алды. Бұл сәтте тынымсыз ойнап-күлген балалар да тынышталып, үлкендердің көңілі босап, көздеріне жас алды.IMG_0528
 
IMG_0567
IMG_0571
IMG_0565
IMG_0557Үнсіздіктен кейін облыс әкімі Архимед Мұхамбетов пен Ұлы Отан соғысының ардагері Михаил Подоляков гүл шоқтарын қойды.IMG_0585 Содан соң Қостанай қаласының әкімі Базыл Жақыпов пен Ұлы Отан соғысының ардагері Қасымхан Алдабергенов тағзым етіп, гүл толы қоржынды ескерткіш алдына қалдырды. IMG_0595Облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжебек Укин мен қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Юрий Харьяков гүл шоқтарын қойды.   IMG_0598
 
IMG_0606
IMG_0610
IMG_0627Саябақ іші әскери қалашыққа ұсқатып безендірілген. Майданда қолданылған қару-жарақтар мен атқыш зеңбіректер қатар тізіліп тұр. Жауынгерлер күнелткен шатыр тұрғызылып, әскери түстік ас таратылды. Қостанайлықтар жасыл шөп үстіне дастарқан жайып, таза ауада қыдырды.   IMG_0652
IMG_0629
IMG_0689
IMG_0706
IMG_0711
IMG_0826
IMG_0791
IMG_0764
IMG_0748
Кенже ҚОНЫСБАЙ
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓