Облыс әкімі Жеңіс күнімен құттықтады (БЕЙНЕБАЯН)

Қостанайда Ұлы Жеңістің 71 жылдығына арналған шеру болып өтті. Орталық алаңға жергілікті билік өкілдері, соғыс ардагерлері, кадеттер, тыл еңбеккерлері және бейбіт күнді сыйлған батырларға алғыс айту үшін мыңдаған қостанайлық тұрғын жиналды.IMG_0345
Жеңіс күнімен құттықтау үшін өңір басшысы Архимед Мұхамбетов сөз сөйледі:IMG_0377
-Ұлы Отан соғысына Қостанайдан 73 мың сарбаз аттанды, соның тек 37 мыңы ғана аман-есен қайта оралды. Қан майданда біздің жерлестеріміздің көрсеткен ерлігі өлшеусіз. Сөзсіз олар біздің өскелең ұрпаққа үлгі. Ұрпақтары бейбіт күнде мақтана еске алып, алғыстарын білдіреді. Адамзаттың басына төнген қанды қырғында біздің халқымыз бірлік пен қайсарлық көрсетті. Жеңіске деген жігердің арақсында біздің аталарымыз Берлин бекінісін бұзды.IMG_0362
Илья Сьяновтың басшылығымен Қостанайда құрылған 151-ші атқыштар дивизиясы соғыста қаһармандық танытты. Кеңес әскерінің Рейхстагқа дейін жетіп, жеңіс туын тігуіге өздерінің зор үлестерін қосты. Жеңіс туын желбіреткен қазақстандық Рахымжан Қошқарбаев еді.
500 қазақстандық сарбазға  Кеңес Үкіметінің батыры атағы берілді. Соның 40 батыры Қостанайдан. Осындай жерлестерімізбен мақтануымыз керек.IMG_0346
Құрметті қостанайлықтар! Қазақстан атты шаңырағы биік, іргесі берік елде тату-тәтті өмір сүріп келеміз. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «ӘЛЕМ. XXI ҒАСЫР» манифесін ұсынып, әлем елдерін бейбіт өмірге шақырды. Біздің Отанымызда бейбітшілік құсы мәңгі қалықтасын. Сіздерді Ұлы Жеңістің 71 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!,-деді облыс әкімі.IMG_0403
Облыс әкімінің жылы лебізінен соң сөз кезегін соғыс ардагері Михаил Подоляков алды.
-Азат күнде өмір сүріп, соның бағасын білуіміз қажет. Болашақ мына жастардың қолында. Ел келешегі сіздерге байланысты. Президент айтқандай, дамыған 30 елдің қатарына кіру үшін жастарымыз білімді, жігерлі болуы керек. Себебі, өмірде тек мықтылар ғана жеңіске жетеді,-деді ардагер.IMG_0337
Салтанатты құттықтаудан соң 9-мамыр күні дәстүрге айналған, жеңісті әспеттейтін әсем ән «Жеңіс күні» әуені әуеледі. Жиналған жұртшылық қосыла шырқады.IMG_0433
 
IMG_0368Ескере кететін тағы бір жайт, салтанатты жиында кадеттер соғыс ардагерлерінің алдынада отанды қорғауға, батыр азамат болуға сөз беріп, ант қабылдады.IMG_0315
Жиыннан соң шеру ерлер есімі жазылған құрмет тақтасына гүл шоқтарын қою үшін Жеңіс саябағына  қарай бағыт алды.
https://www.youtube.com/watch?v=ltbUuRF1yvA&feature=youtu.be
 
Кенже ҚОНЫСБАЙ
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓