Волейболдан аймақтық ойындар өтуде

Арқалықтағы "Жігер" стадионында ХХХІ "Тың — 2016" облыстық спартакиадасына волейболдан аймақтық іріктеу ойындары өтуде. Ойынның бас төрешісі — Елена Мирошниченко.20160428_101649
Жарыстың салтанатты ашылуында еліміздің әнұраны айтылып, қала әкімі Ғазиз Бекмұхамедов пен облыстық спорт басқармасының өкілі Аманбек Әбікеновтер құттықтау сөз сөйледі. DSCF4815
— Қостанай облысының "Тың — 2016" спартакиадасы биылғы жылы облыстың 80 жылдығына тұспа-тұс келіп отыр. Спартакиада алдағы тамыз айында Қостанай қаласында өтпекші.
Аймақтық ойындарға облыстың Аманкелді, Жанкелдин, Ұзынкөл, Денисов аудандарынан және Арқалық, Лисаков қалаларынан ерлер және әйелдер командалары қатысуда.20160428_105021
-Бұл — қаламызда жыл сайын өткізілетін дәстүрлі ойындар. Оған біз үлкен дайындықпен келіп отырмыз. Арқалық қаласының волейболшылары соңғы екі жыл қатарынан облыстық спартакиаданың чемпиондары атанды, — дейді қалалық спорт бөлімінің бас маманы Айтжан Мәліков.
 
Мұрат Жүнісұлы,
Арқалық қаласы.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓