«Кітапхана түні»

Қостанай облыстық кітапханасында қызықты да тағылымды іс-шара ұйымдастырылды. Толстой атындағы әмбебап кітапхана "Кітапхана түні" жобасын өткізіп, өз оқырмандарына қуаныш, керемет көңіл-күй сыйлады.IMG_4340Кешкі сағат сегіз. Әдетте кітапхана жұмысы аяқталатын уақыт. Бұл жолы келушілерде есеп жоқ. Ұлттық киімдегі тарих кейіпкерлері оларды құпия-қызық пен тылсымға толы мұрағат қоймаларына жетелеп әкетеді. IMG_4421Оқырмандар түн ауғанша кітапхананың мұрағат қоймаларын емін-еркін аралап, мекеме қызметкерлері дайындаған түрлі тосын сыйларға куә болды.IMG_4324Ән, бимен әрленген кешке келушілер түрлі деректерге қанық болды. Ал ақындар рухты өлеңдерін оқып, айтыс ұйымдастырды. іс-шара түнгі сағат 12:00-ге дейін жалғасты.IMG_4493 Ғаламтор жайлаған заман оқырмандардың белсенділігін төмендеткені шындық. Қостанай облысында оқырмандар қатарын көбейту үшін көптеген шара қолға алынған.  Тағылымды шара тарихи танымымызды кеңейтетіні анық.IMG_4330
 
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓