Мәңгілік даңқ

Қостанай қалалық мәдениет бөлімі Жеңіс күні мерекесіне арналған «Мәңгілік өлмес полк» акциясының басталғанын хабарлады. Оған қаланың кез келген тұрғыны қатыса алады. IMG_7619Аталған іс-шараның мақсаты — 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің бейбітшілік жолында жасаған ерліктерін дәріптеу. Майдангерлерге құрмет көрсетудің жарқын үлгісі іспеттес. Қалалық акцияға қатысу үшін соғыс ардагерлерінің А3 форматындағы жеке суретін дайындау керек. Акцияның өтетін нақты күні де белгілі болды. «Мәңгілік өшпес полкы» іс-шарасы 9-мамырда, сағат 09.00-ден 10.00-ге дейін облыс әкімдігінің алдындағы Орталық алаңда болады. Әрі қарай Жеңіс саябағындағы митинг пен «Мәңгілік алау» мемориалына гүл шоқтарын қою рәсімдерімен жалғасады. 
 
Қымбат ДОСЖАНОВА

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓