«Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі

«Нұр Отан» партиясының Сарыкөл аудандық филиалында «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі өтті.
«Сарыкөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы» МКМ қолға алған шараға «Нұр-Айгер-СК», «Арыстан ӨК», «Раушан» , «Люнет» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері, «Сатаев Б.Х» шаруа қожалығы және «Сарыкөл ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығы» МКМ, «Сарыкөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі» ММ, «Сарыкөл ауданы әкімдігінің спорт бөлімі» ММ қатысып, 33 бос орын ұсынылды.DSCF3639
DSCF3628Жалпы, жәрмеңке барысында 20 адамға жұмысқа қалай орналасу керектігі туралы кеңес берілді. Бұдан бөлек, «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жұмыссыздарды кәсіби даярлау және қайта даярлау бойынша, әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен өз ісін ашуға көмек көрсету жайында түсіндіру жұмыстары өткізілді.
 
Руслан Әлкеев,
Сарыкөл ауданы.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓