Облыс әкімі дауыс берді (ВИДЕО)

Қаладағы №1 орта мектептің ішіне орналастырылған 21-ші сайлау учаскісінің жұмысы да қарқынды жүріп жатыр.IMG_9459
Учаскелік сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Гүлсара Абедчанованың мәлімдеуінше, бұл нүкте арқылы 2285 тұрғын дауыс беруі керек. Түске дейін осынша адамның жартысынан көбі конституциялық құқықтарын жүзеге асырыпты. Аталмыш учаскіге сағат 3-тер шамасында Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов зайыбы Айнагүл ханыммен бірге келіп дауыс берді.IMG_9461
 

IMG_9475

IMG_9482
IMG_9494Бұдан соң өңір басшысы жергілікті БАҚ өкілдеріне сұхбат беріп, облыс көлемінде жүргізілген сайлауалды дайындық жұмыстары жөнінде баяндады.
Естеріңізге сала кетейік, Тобыл-Торғай өңірінде 818 сайлау учаскісі 550 мыңнан астам адамға қызмет көрсетіп жатыр. Сағат 10.00-ге дейінгі көрсеткіш бойынша, облыс белсенділік жағынан көш бастады. 
 
Ж.Жүсіпбек.
Фототілші: Бағдат Ахметбеков.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓