Сарыкөлдіктердің қошеметіне бөленді

Қостанайлық «Үміт-Надежда» қоғамдық бірлестігі «Жақсылық жаса» атты концерттік бағдарламамен Сарыкөл ауданына келді. Өнерпаздар сарыкөлдіктерге ұмытылмас кеш сыйлады.
Киелі сахна төріне көтерілген мүмкіндігі шектеулі талантты жандар концерттің көркін кіргізді. Бұл жерде өз өнерлерін көрсеткендер — тағдырдың әр қиылы тауқыметін тартқандар. IMG_9135Есесіне, қатал өмірдің сол ауыртпалығына мұқалмай, қасқая қарсы тұрып, қанаттарын биікке қайта қаққандар. Яғни, олар өмірден оңбай теперіш көрсе де, бойдағы ерік-жігерінің арқасында қоғамнан өз орындарын тапқандар. Халық алдында қамкөңіл жандар бойдағы өнерін, зор талпынысын құштарлықпен жеткізе білді.IMG_9111
Айталық, концерт барысында бірнеше республикалық және халықаралық байқаулардың жүлдегері Аруна Жақсығұлова мен Александр Чащин арбаға таңылған қалпында қимылдың қисынын келтіріп, мың бұрала би биледі. IMG_9129Сондай-ақ, Гүлбану Ілиясова, Александр Афанасьев, Юрий Тайгунов сынды дарынды жандар жүректерді жылатып, көңілдерді жұбатып, бірнеше рет әуелете ән салды.IMG_9154
IMG_9139Бұлардың өнеріне тұрғындар тәнті болып, таңдай қақты. Сарыкөлдіктердің сүйсінгендіктері соншалық, олардың құрметіне қайта-қайта қол соғып, орындарынан тік тұрып, қошемет көрсетті.IMG_9086
 
IMG_9249-Өте әсерлі өтті. Өз басым ерекше күйге бөлендім. Бұрын-сонды дәл осындай концертті көрмеппін. Қайырымдылық концертіне Барвин ауылынан арнайы келіп отырмын. Оқушыларды да ала келдім, — дейді көрерменнің бірі Диана Исина.Диана Исина
Сондай-ақ, «Үміт-Надежда» ҚБ төрағасының орынбасары Аруна Жақсығұлованың сөзге тартқан едік:
-Елбасымыздың арнайы тапсырмасымен елімізде мүгедектерге, барлық мұқтаж жандарға қамқорлық көрсету игі дәстүрге айналған. Біздің негізгі мақсатымыз – өзіміз секілді жандарға көмек қолын созып, өмірге деген құлшыныстарын арттыру, бұл өмірдің тек қиындықтан тұрмайтындығына көпшіліктің назарын аудару. Осындай концерттік бағдарламамен биыл Қарасу ауданында болдық. Бүгін Сарыкөлге сапарымыз түсіп отыр. Енді, алдағы уақытта аймақтың барлық өңірлерін аралап шығамыз, — деді ол бізбен әңгімесінде.IMG_9231
Жалпы, концерт соңында аудан әкімінің орынбасары Елжан Тұрабеков пен ауданның бас имамы Дәулетбай қажы Әбдіхалық Қостанайдан ат терлетіп келген бұл ұжымға өздерінің жылы лебіздерін жеткізіп, естелік сыйлықтары мен құшақ-құшақ гүл шоқтарын сыйлады.IMG_9223
IMG_9237
IMG_9183
IMG_9234
IMG_9225
IMG_9276Сондай-ақ, концертке келушілер қайырымдылық жәшігіне қолдағы барын салып, аз да болса, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек қолын созуға тырысты.IMG_9030
 
Руслан ӘЛКЕЕВ.
Сарыкөл ауданы.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓