Жолдастық кездесуде жеңіске жетті

Дмитрий Огай шәкірттері жолдастық кездесуде босниялық команданы тізе бүктірді. Бас бапкер бірінші таймда алаңға мына футболшыларды шығарды: Логиновский, Дмитриенко, Кассай, Розыбакиев, Досмағамбетов, Яворский, Жулпа, Джалилов, Шимкович, Жұмасқалиев және Хижниченко.
Есепті "Тобыл" қарсыластары ашты. Тез арада аяқ алыстарын  оңалтып, қостанайлықтар ойынның екінші бөлігінде қос голмен жауап қайтарды. Гол соққан — Фенандер Кассай мен Чиприян Дяк. Екеуі де "Тобыл" сапына биыл қосылған.   
"Тобыл" келесі жолдастық кездесуін 12 ақпан күні Болгарияның "Славией" командасына қарсы өткізеді.    

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓