Сан көбейіп, сапа артып келеді

Кеше облыс әкімдігінің дене тәрбиесі және спорт басқармасының басшысы С.Матвиенко жергілікті БАҚ өкілдерімен кездесіп, «Дені сау ұлт. Салауатты Қазақстан» ұранымен Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында өткізілмек іс-шаралар туралы баяндама жасады.53143288-286С.Матвиенко әуелі өңірде өткен жылы өткізілген спорттық шаралар мен елеулі жаңалықтарға тоқталды. Былтыр аудандар мен қалаларда жалпы саны 7078 спорттық шара ұйымдастырылыпты. Бұл 2014 жылғымен салыстырғанда 602-ге көп. Жарыстарға 531 мың адам қатысқанын да айтып өтті басқарма басшысы. Қатысушылар саны жыл санап өсіп келеді, биыл да сан азайып, сапа кемімесіне сенім кәміл.
— Бүгіндері облыстық күнтізбеге Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналмақ 126-дан астам спорттық жарыс енгізілулі. Атап айтсақ, кешенді Спартакиадалар, облыстық чемпионаттар және түрлі турнирлер өтпек. Солардың анағұрлым ауқымдылары – 26-28 ақпанда шаңғы спортынан    өтетін облыстық фестиваль және осы айға жоспарланған шахматтан облыс чемпионаты. Мамыр айында Елбасы Н.Назарбаевтің жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қостанай қыраны» атты облыстық турнир ұйымдастырылмақшы,- деп жоспардағы жарыстарды жіпке тізді Сергей Владимирович.
Ұлттық спорт түрлерін дамыту мақсаты да биыл назарсыз қалмайды. Қазақ күресі, тоғызқұмалақ, жұдырықтасу, арқан тару және асық ату ойындарынан фестиваль өтеді. Мүмкіндігі шектеулі жандар да спорттық шараларға қатыстырылады. Маусым айында спорттың жеті түрінен облыстық Паралимпиадалық ойындар шымылдық түрмек. 
Басқарма басшысының бағамдауына сенсек, 2016 жылғы спорттық шараларға, жобамен, 120 мыңнан астам спортшы қатыспақ. 
 
Ж.Балғынбекұлы

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓