Аурудың алдын ал!

Дүниежүзілік обырға қарсы күрес күні аясында еліміздің барлық аймақтарында 1-10 ақпан аралығында онкологиялық ауралардың алдын алу онкүндігі өтуде.IMG_4543Бүгін облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығының мамандары да онкологиялық диспансер мен №1емхана және облыстық кәсіподақтар орталығымен бірігіп, арнайы акция өткізді. Акцияның мақсаты — онкологиялық аурулар мәселесіне қоғамның назарын аударту, тұрғындарға әлемдік сипат алған қатерлі ісік ауруы түрлерінің  алдын алу мен ерте анықтау жөнінде ақпараттандыру және оларға скринингтік тексерулердің қажеттілігін түсіндіру. Облыс әкімдігі ғимаратында өткен акцияға әкімдік қызметкерлері біркісідей атсалысты. Мамандар акцияға қатысушылардың қан, көз қысымын, қандағы қант пен холестерин мөлшерін анықтап, окнолог дәрігерлер тегін кеңес берді. IMG_4521
IMG_4555— Дүниежүзілік обырға қарсы күрес күні 2006 жылдың 4-ақпаннан бастап, обырға қарсы күрес халықаралық қоғамының ұйымдастыруымен және дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен өткізіліп келеді. Осы күні еліміздің және бүкіл дүниежүзінің дәрігерлері адамзат баласына обыр ауруының әлемдік мәселе болып келе жатқандығын және оған назар аудару қажеттігін еске салады. Биыл елімізде ұйымдастырылып жатқан онкүндік “Біздің қолымыздан келеді!” деген ұранмен өтуде. IMG_4556Онкүндік барысында БАҚ арқылы және халық көп шоғырланған жерлерде онкологиялық аурулардың алдын алу, оны дер кезінде анықтау жайында ақпараттық шаралар ұйымдастырылатын болады. Ал, медициналық мекемелерде мамандар кеңесі,  ашық есік күндері, тұрғындар үшін  скринингтік тексерулер өткізіледі. Соның алғашқысын бүгін біз облыстық әкімдікте өткізіп жатырмыз, — дейді облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығының валеологы Рабиға Нәукенова.IMG_4547
 
Қарлығаш ОСПАНОВА

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓