Қостанайлық биші Парижден жүлделі оралды

Соңғы кездері «сүйексіз адамдар» деп аталып жүрген "Atai Omurzakov & Tumar KR Group" би тобы өнерлерімен талайларды тамсандырудан жалығар емес. Жігіттер қазақ-қырғыз халқының татулығы мен бауырмалдылығын арттырып, екі ел абыройын асқақтатуды мақсат еткен. Топ құрамында қазақстандық биші Кирилл Генералюк өнер көрсетеді. Ол – Қостанай қаласының тумасы.ngcOB2jmbPwҚырғыз елінің атақты бишісі Атай Өмірзақов бастаған жігіттер Франциядан жүлделі оралды. Демалыс күндері айтулы ұжым Париждегі «De Cirque de Dimain» атты Халықаралық 37-ші цирк өнерпаздарының фестивалінде бағын сынап, қола медальді жеңіп алды. Атай Өмірзақов бұл қуанышын  әлеуметтік желідегі достарымен бөліскен.5eLocFwhGMI
(Суреттер Атай Өмірзақовтың парақшасынан алынды)
Байқауға Жапония, Франция, Испания, Марокко және Ресей, Беларусия сияқты елдердің өнер ұжымдары шақырылды. 1977 жылдан бері өткізіліп келе жатқан фестивальгк түрлі цирк әртістері мен атлетшілер де қатысады.
 
Кенже Қонысбай

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓