Жер кадастрын жүзеге асыру тиімді болмақ

Қостанай облысы еліміздегі жер көлемі үлкен өңірлердің бірі екені белгілі. Жалпы аумағы 19 млн. 599,5 мың га құрайды. Оның ішінде 18 млн. 129,7 мың га алқабы ауыл шаруашылығына тиесілі.
Бұл турасында облыс әкімдігінде өткен аппарат мәжілісінде Қостанай облысында жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығының жетекшісі Жәнібек Ерсұлтанов баяндады. Ол ғылыми өндірістік орталықтың қаржы-шаруашылық қызметі жайында мағлұмат беріп, былтырғы жылы атқарылған жұмыстарына егжей-тегжейлі тоқталды. 330px-Kostanay_in_Kazakhstan.svg
Оның айтуынша, қазір жер қатынастарының маңызы күн өткен сайын арта түсіп, үнемі дамуда екен.  Елдің экономикалық өсуінің барлық кезеңдерінде ең ауқымды талап болып жерлерді ұтымды пайдалану мен оларды қорғауды ұйымдастыру басты назарға алынып отыр. Соның негізінде жерге орналастыру және мемлекеттік жер кадастрын жүзеге асыру аса зор рөл атқарады.
– Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен жер ресурстарын пайдалану мен мемлекеттік жер кадастрын және жерге мониторинг жүргізуге «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы құрылып, әр өңірде оның филиалдары ашылды,– дейді Жәнібек Сапарғалиұлы.
Біздің өңірдегі филиал бүгінде қыруар жұмыс тындырып та тастапты. Қазірдің өзінде кәсіпорында қаржыландырудың екі көзі бар. Олар: республикалық әрі жеке және заңды тұлғалардың қызметімен жүзеге асырылады.
Мәселен, былтыр кәсіпорын 685 млн теңге пайда түсіріпті. Бұл өңір басшысы Архимед Мұхамбетовтің пікірінше жақсы көрсеткіш.33467
– Мемлекеттік органдардан түскен сауал бойынша 250 мың жер кадастры тіркелген,– деді Жәнібек Ерсұлтанов. – Соның ішінде «Мемлекеттік кіріс басқармасынан» 212193, ал, басқаларынан 37807 құжат анықталды.
Өңір басшысы осы тұста жер кадастры жұмыстарын атқарғанда оның бағасына да көңіл бөлді.
– Былтырғы жылы кәсіпорын келісім шарт негізінде 72% іс орындап, яғни, 492 млн. артық  қаржы түсірген. Биыл да солай болып қалуы да ықтимал ғой. Ал, қызмет құны қанша болмақ? Мүмкін көтеріле ме бағасы?– деді Архимед Бегежанұлы.
– Бізде қызмет құны өскен жоқ.  2015 жылғы 27 наурызда Ұлттық экономика министрлігі бекітіп, Әділет министрлігінде тіркелген бағамен жұмыс істейміз,– деп Жәнібек Сапарғалиұлы жауап берді.
Облыс әкімі бұл жайында неге тоқталып өткенін де айтты. Себебі, өңірдің солтүстік пунктерінде газ тарту керек екен. Соған энергетика басқармасы көңіл қойып отырғанын және басқа да басқармаларға да қатысты болғанннан соң екендігін түсіндірді.
Қазір кәсіпорында 225 білікті маман жұмыс істеуде. Барлық құрал жабдықтары мен технологиялары да жаңартылыпты.
Қостанай облысында жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы жұмыстарына көңілі толған Архимед Бегежанұлы кәсіпорын басшысына алдағы уақытта жоспарланған жер ресурстарын тиімді пайдалану мен жер кадастрын тіркеуге байланысты кейбір тапсырмалар жүктеді.
 
Нұрболат МЕШІТБАЕВ

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓