Малшы 350 мың теңге залалды өтейтін болды

Облыстық соттың баспасөз қызметі мәлімдегендей, Қарасу ауданының №2 соты «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ  ауыл тұрғыны 37 жастағы азамат Г.-ға қатысты шағымы бойынша азаматтық істі қарады.
Өткен жылдың 30 қыркүйегінде Қарасу ауданының Октябрск ауылында жауапкер темір жол арқылы өз малын айдап өтпек болған. Нәтижесінде, жүк поезді малды соғып зақымданады. Бұл факті бойынша Г.әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Талап шағымды жауапкер толығымен мойындаған.
Сот «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының 350 мың теңге материалдық залалды өндіру туралы шағымын толығымен қанағаттандырды.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.  
 
Қ.МАРАТҚЫЗЫ
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓