Жұмыс тобы құрылды

Жергілікті атқарушы органдардың жұмысын жетілдіру мақсатында, Елбасымыздың бастамасымен жер-жерлерде қоғамдық кеңестер құрыла бастады. Айтулы шара Тобыл өңірінде де қолға алынды.  Былтырғы жылдың 2 қарашасында қабылданған «Қоғамдық кеңестер туралы»  заңына сәйкес, облыстық мәслихаттың хатшысы С.Ещановтың басшылығымен бүгін Қостанай облысы қоғамдық кеңесінің жұмысшы тобы құрылды.жум топ 1
Айтулы шараға қоғамдық ұйым, жергілікті билік өкілдері және жұмыс тобына үміткерлерін ұсынған азаматтар, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты. Жиын барысында, жұмыс тобының құрамы анықталды. Ендігі міндет – қоғамдық кеңестің құрамын айқындау. Осы мақсатта, жұмыс тобының ашық дауыс беруімен, 1-5 ақпан аралығында қоғамдық кеңеске үміткерлерді қабылдау тәртібі бекітілді. жум топ3Көпшіліктің қалауымен  қабылданған құжатпен облыстық мәслихаттың http://maslikhat.kz және облыстық ішкі саясат басқармасының http://sayasat.kostanay.gov.kz  ресми сайттарынан танысуға болады. Өтініш беруге негізделген ақпараттар да осы сайттарда жарияланған.
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓