20,5 жылға сотталды

Бүгін облыстық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотта 38 жастағы Руслан Насыровқа қатысты үкім кесті. Ол адам өліміне айыпты деп танылды.  убийца нож
Іс материалына жүгінсек, бұл азамат осы қылмысына дейін де іздеуде болған. Тек 2015 жылдың шілде айында Қостанайға өзінің нақсүйерімен бірге қайтып келіп, пәтер жалдап тұрған. Шілденің 30-нан 31-не қараған түні Р.Насыров серіктесі екеуі ішімдікке сылқия тояды. Ақырында ол көрші үйдегі бұларға арақ сатқан жалғызбасты 60 жастағы Р.-ға шабуыл жасауды ойлайды.
Қолына жұмыс қолғабын киіп, кейуананың үйін бетке алады. Бөгде үйге терезе арқылы кіреді. Төргі бөлмеде отырған қарт шуылды естісімен басқару тетігі көмегімен жарықты қосады. Дәлізге жақындай бергенінде Р.Насыров жәбірленушіге тұра ұмтылады. Құрбанын әуелі айуандықпен зорлап, кейін пышақпен алқымынан бірнеше соққы жасаған. Әйел оқиға орнында бірден жан тапсырады.  
Насыров марқұмның мойнындағы алтын алқасын шешіп алып, 286 мың теңге көлеміндегі ақшаны қалтаға басып, із суытады. Келген ізімен – терезе арқылы үйді тастап шығады. Қанға маылнған асүй пышағын өзімен ала шығып, таяу маңдағы су арығына алтын алқамен қосып лақтырып жіберген.
Қандықол қылмыскерге сот 20 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Ол арнаулы тәртіптегі түзету колониясында мерзімін өтейді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓