60 адамды құтқарды

9-қаңтарда Қарағанды облысына 25 КамАЗ жүк көлігі көмірге жол жүріп, жоғалып кетті. Соңғы рет туысқандары жүргізушілермен олар Арқалық қаласынан алыс емес жерде болғанда хабарласқан. Кейін байланыс үзілген. Алайда, Төтенше жағдайлар департаментінің көмегіне 13-қаңтарда ғана жүгінді. Тез арада іздеу жұмыстарына құтқарушылар жұмылдырылып, Арқалық қаласына қар тазарту үшін техника әкелді. Астана қаласынан Қарағанды облысының Жезқазған қаласына тікұшақ ұшып шықты. DSC02388Іздеу өңірінде  жүргізушілердің біреуі Түр-Қазмарганец кенішінен 15 км жердегі ұялы байланысы  бар аймаққа жетіп, ТЖ байланысақаны. 
Құтқарушылар бағытталған орынға таңғы сағат бесте келген. Қостанайлық құтқарушылар қар құрсауынан жігіттерді екі сағаттың ішінде құтқарған. Қардың астында қалған 25 көліктен, тек 10-ы тәуекелге бел бумай, Қостанай облысына қайтқан. Қалған жүргізушілер эвакуациядан жазбаша бас тарту жазып, көмірге бағытын жалғастырды.
 
Қостанай облысының ТЖД 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓