Кәсіпкерлерге қолдау көрсетті

Бұдан былай  кәсіпкерлер қатты тұрмыстық қалдықтарды қабылдау және көму жөніндегі қызметтерге жасалатын төлемдерін үнемдей алады. Әзірге облыс аудандары мен қалаларында осыған қатысты  құжат әзірленіп жатыр.  
Бұрын аталған салада құқықтық реттеудің болмауы салдарынан бизнесмендер шартта көрсетілгендей үстемақы төлеуге мәжбүр болған еді. Коммуналдық кәсіпорындар бағаны кәсіпкерлердің көзінше бекіткенімен,  полигондарға құжатта көрсетілгеннен әлдеқайда төмен мөлшердегі қоқыс тасымалданатын.f083b9Облыстық кәсіпкерлер Палатасының директоры Мұрат Әбенов жыл қорытындысы бойынша жасаған есебінде  мәлімдегендей, бизнесмендер шарт талаптарынан үзілді-кесілді бас тартқанымен,  коммуналдық қызмет өкілдері оларға: «бақылау органдары тарапынан айыппұл салынады»,- деп сес көрсеткен. Бұл мәселе былтыр  кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңесте жиі көтерілді.  Осыдан кейін Палата мемлекеттік органдармен бірге оның  шешу жолдарын іздестіріп көрді.
«Палата, әкімдік, табиғатты қорғау прокуратурасының бірлесіп жұмыс атқаруының нәтижесінде   облыстық деңгейге сәйкес Есептеу қағидалары бекітілді. Қазір осыған байланысты облыс қалалары мен аудандары  ҚТҚ түзілу нормаларын дайындап жатыр», — деп хабарлады Мұрат Әбенов.
Облыстық Палата жанындағы кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес 2014 жылғы қаңтар айында құрылған. Кеңес түйткілді мәселелерді қарау және шешу жолы мен бизнес құқығын жан-жақты қолдауға міндетті. Оның құрамына облыстық мәслихат депутаттары, бизнес, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйым өкілдері енгізілген. Кеңесті «Қазақстандық заңгерлер одағы» ӨҚҰ ҚОФ хатшысы Вера Овсянникова басқарады. 
                  
Әлібек ЫБЫРАЙ

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓