Жаңа басшы таныстырылды

Бүгін Қостанай облыстық сотында төраға А.Мерғалиев Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшылығымен тағайындалған  “Қостанай облыстық соты кеңсесі” ММ-нің жаңа басшысы Дастан Қайыповты сот ұжымына таныстырды. 
Бұған дейін Д.Қайыпов Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың  қызметін қамтамасыз ету  департаментінде бас кеңесші қызметін атқарған. DSC_1586
Облыстық сот төрағасы кеңсе басшысына жұмыста табыс, ұжым тарапынан қолдау тілеп, Д.Қайыповтың облыстық соттарды материальдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуде жұмыс тәжірбиесін атап өтті. 
Кеңсе басшысы өз кезегінде сот саласы мамандары тарапынан жұмыс тәртібі мәселесінде түсіністік болатындығына сенім артып, қызметкерлердің кәсібилігі мен жұмыс уақытын тиімді пайдалануына баса назар аударылатындығын айтты.    
 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓