Артық білім — кітапта

Бүгін Л.Толстой атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздіктен – Мәңгілік елге» кітап көрмесінің ашылуы өтті.IMG_3352
 
IMG_3338Осылайша, соны жылдың алғашқы онкүндігінен-ақ кітапхана ұжымы мерейлі мерекеге арналған іс-шаралардың шымылдығын ашты. «Тәуелсіздіктен – Мәңгілік елге» атты кітап көрмесі енді жыл бойы оқырмандарына екінші мүшелге толмақ мемлекеттің кешегісі мен бүгінгісінен сыр шертеді. Егемен елдің еңсе тіктеуі, даму-өркендеу кезеңдері баяндалатын 150-ден астам кітап 4 бөлімді сөрелерге топтастырылып отыр. IMG_3354
IMG_3333
IMG_3336Мемлекеттік және ресми тілдегі әдебиеттердің бір парасы 2006 жылы «Желтоқсан» сериясымен жарық көрген. 20 жыл бұрынғы оқиғалар баяндалады. Бұл мәжіліске арнайы қатысқан Қ.Жақып, С.Харченко, В.Вишниченко, Ж.Мақанов сынды құрметті қонақтарға сөз берілді. Орта толтырып отырған «Нұр Отан» партиясының жастар қанатының өкілдеріне және өзге де ерікті жас оқырмандарға қаратып, тағылымды ойлар айтылды.IMG_3348
-Бұл көрменің тақырыбының өзінің мәні зор. Мәңгілік елдің негізін қалау, іргесін берік ұстау – болашақ иелерінің, яғни, жастар, сендердің қолдарыңда. Ол үшін оқу, білімді болу керек. Кітапты көп оқыңдар. Адам кітаптан қол үзсе, дамуын, рухани баюын тоқтатады. Ал келешек иелері жан-жақты, өнер-біліммен қаруланған болуы керек, — деп сөз түйді профессор Қ.Жақып.IMG_3360
Шараға қатысушылар ғибратты әңгімелерге зейін бөліп қана қоймай, жас өнерпаздардың ән-күйін тамашалап, қошеметтеп отырды.IMG_3364 Мұнан соң жиылғандар назарына шебер А.Щепотьев орындаған Астана қаласының архитектуралық ғимараттардың үлгілері ұсынылды.IMG_3329
 
IMG_3326
IMG_3327Ж.Балғынбекұлы
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓