«Қазатомпром» ҰАК» АҚ және «Самұрық-Энерго» АҚ ЭКСПО-2017 серіктестері болды

экспо«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ «Қазатомпром» ҰАК» АҚ-ымен және Самұрық-Энерго» АҚ-ымен ынтымақтастық туралы меморандум жасады.
Салтанатты рәсім кезінде «Астана ЭКСПО-2017» ҰК Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов, «Қазатомпром» ҰАК» АҚ Басқарма Төрағасы Асқар Жұмағалиев және «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Алмасадам Сатқалиев құжаттарға қол қойды.
«Самұрық-Энерго» АҚ-ына «Ресми Жаңғыртылатын Энергия Жеткізушісі» мәртебесі беріліп, онымен ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.
«Қазатомпром» ҰАК» АҚ-ымен ынтымақтастық туралы меморандум жасалып, компанияға «ЭКСПО-2017 көрмесінің серіктесі» деген мәртебе берілді.
«Сіздерге белгілі болып отырғандай, біз еліміздің ірі ұлттық холдингтерімен және ұлтаралық компаниялармен жұмыс істеп жүрміз. «Эйр Астана», «Cisco», «Қазкоммерцбанк» және басқа да компаниялар біздің серіктестеріміз болып табылады. Бүгін қол қойылған меморандумдар біздің ынтымақтастығымызға алып келетін тағы бір қадам болып отыр. Біздің жаңа серіктестеріміздің көмегімен біз ең ірі компаниялармен ынтымақтастық орнатып, оларды Көрмеге қатыстыруды жоспарлап отырмыз»,- деді А. Есімов, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басшысы.
«Самұрық-Энерго» — ең ірі электр энергетикалық холдинг, жаңғыртылатын энергия көздерін дамытудағы жетекші болып табылады. Электр энергиясын Көрме нысандарын жеткізу Мемлекеттік индустрияландыру бағдарламасын және «Нұрлы жол» іске асыру қорытындылары бойынша өткізілген жалпы ұлттық телекөпір барысында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев салтанатты түрде іске қосқан Ерейментау 45 МВт жел электр станциясынан жүргізілетін болады», — деді Алмасадам Саткалиев.
Жасалған меморандум аясында, «Қазатомпром» ҰАК» АҚ халықаралық серіктестерді, атом индустриясының ең ірі компанияларын Көрмеге қатысуға тарту бойынша қызмет көрсететін болады, сонымен қатар Көрме кешенінің аумағында атом кластерін құруға қатысатын болады.
Тараптар ЭКСПО шеңберіндегі ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓