Біліктілік пен білім ұштасқанда…

Облыс орталығындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде «Өрлеу» біліктілікті  арттыру ұлттық орталығы»АҚ  мен  Қостанай филиалының, білім басқармасының ұйымдастыруымен «Жарқын белес» атты сертификатталған  мұғалімдердің  ІІІ республикалық  форумы болып өтті. Форум «Талантты және  дарынды балаларды оқыту» деп аталатын деңгейлік  қурстардың бағдарламалар модуліне арналды.  Және де «Шеберлер аллеясы» деп аталатын интерактивті көрме, «Дарынды, талапты балаларды оқыту: жағдайы, тәжірибе»- блиц-таныстырылым, «Дарынды балалармен жұмыс: тәжірибе, өзекті мәселелер, жаңа идеяларды іздестіру»- стратегиялық   шеберхана ұйымдастырылды.

IMG_5246

— Бүгінде  білім саласындағы түбегейлі өзгерістер еліміздің келешегін анықтайтын  әлеуметтік  мәдени элитаны қалыптастыруды  талап етеді.  Қоғамның зияттық әлуеті  көбіне дарынды балаларды  анықтап, олармен жұмыс барысын нақтылайды. Білім беру жүйесін дамытудың басымды бағыттарының бірі – дарынды балаларды ерте жастан анықтау, оқыту және  тәрбиелеу.  Оқушы баланың табиғи дарындылығы неғұрлым ерте анықталса, дарынды тұлғаның толық ашылуына, келешекте үлкен табыстарға қол жеткізуге мүмкіндіктер ашылмақ. Қазіргі кезде облысымызда  деңгейлік бағдарлама бойынша  мың жарымнан аса педагогтарымыз  біліктілігін арттырап келді. С

IMG_5269

ондықтан да  дарынды балаларды  дамыту мен тәрбиелеу  мәселелері  мемлекеттік маңызы бар  деп айтуға болады, неге десеңіз мектебімізде сапалы білім беріп білімді оқушы тәрбиелесек, ертең ол еліміздің әлуеті,- деді «Өрлеу» біліктілікті  арттыру ұлттық орталығы»АҚ-ның  филиалы Қостанай  облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры М. Слесарь.

IMG_5244

    Форумның«Импут» форматында  өткен пленарлық бөлімінде облыстық білім басқармасы жнтекшіснің міндетін атқарушы К. Ибрагимов, «Өрлеу» біліктілікті  арттыру ұлттық орталығы»АҚ-ның  филиалы Қостанай  облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры М. Слесарь, Челябі педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының өкілі Ю.Маковецкая, қырғызстандық «Билимкана» қоғамдық қорының жетекшісі Р. Шакиров,  мәскеулік ғалым Н. Шумакова және тағы басқалар сөз сөйлеп,  дарынды балаларды  ерте анықтау,  оқушылардың шығармашыл қабілеттерін  жүзеге асырудың бағыттарын қарастыру,  олармен  толыққанды  жұмыс істеу жүйесін құру қажеттігін айтты.

IMG_5266

—   Уақыт ағымына қарай деңгейлік  бағдарлама курсынан өтіп, өзімнің біліктілігімді арттырп келдім. Курс  сабағымды жаңа  технологиямен оқытуға көмек берді.  Оқудағы мәселен,  «Сыни тұрғыдан  ойлау» жаңа әдіс-тәсілдермен  таныстым. Осы форумға  «Талантты балалар туралы» атты баяндама әкеліп отырмын, өзімнің іс-тәжірибеммен бөліскім келеді.  Әріптестеріме  жұптық, топтық топтарда қалай жұмыс жасау керектігін үйреттім, ашық сабақ бердім. Іс-тәжірибемдегі өзгерістер өзімді де, оқушыларымды да өзгертті ғой деп ойлаймын,- деді  арқалық қаласы «Жаңа қала»  ауылының Қараторғай орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Шынар Рахыметова.

IMG_5252

       Форумның секцияларында педагогтар мәселен,  мектеп оқушыларының түрлі білім  сайыстарға  қатысуын  сараптау  аясында шығармашыл  оқушылардың қабілеттері мен мүмкіндіктері толық жүзеге асырыла бермейтіндігін,  дарынды балаларды анықтап, дамыту үшін мақсатты ғылыми-практикалық семинар ұйымдастыру,  жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру үшін халықаралық, республикалық деңгейдегі мақсатты  біліктілікті арттыру курстарын өткізу,  дарынды  балаларды бағдарламасын құру бойынша педагогтар мен ата-аналарға арналған ұсыныстар әзірлеу қажеттігі  туралы жан-жақты  айтып, өздерінің ойлары  мен пікірлерін білдірді.

IMG_5238

 

IMG_5229

 
Гүлназым САҒИТОВА
Суретте: Форумнан көріністер
Суретті түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓