Теңгелік депозиттер бойынша өтемақы төленеді

Еліміз бойынша 2 миллионға жуық салымшының теңгелік депозиттері бойынша өтемақы төленетін болады. Бұл туралы Қазақстан ұлттық банкінің Қостанай филиалының директоры Мираш Жұмашев айтып берді.

DSCF6892

-Салымшылардың өтінімдері тәртіп бойынша биылғы жылдың бірінші қазанына дейін қабылданады. Еліміз бойынша теңгелік депозиттеріне өтеамақы төленетін салымшылардың саны 2 миллионға жуықтайды. Сонымен қатар, депозиттегі ақша банкте бір жылға дейін сақталуы тиіс. Ал депозиттерді алу мерзімі 2016 жылдың 30 қыркүйегі болып белгіленді. Бағамдық айырмашылық сол күнгі бағам бойынша есептеледі. Бұл жерде базалық бағам 2015 жылдың 18 тамызындағы бағам 188 теңге 35 тиын, — деді Мираш Жұмашев.
 
 
Айта кетелік, бұл жерде бір миллион теңгеге дейінгі депозиттерге ғана өтемақы төленеді. Салымшылар өтемақы алу үшін 1 қазанға дейін өтініш тапсырулары тиіс.  Өтемақы сомасы 2016 жылдың 30 қыркүйегіндегі доллар бағамы мен 2015 жылдың 18 тамызындағы доллар бағамындағы айырмашылық депозитте сақталған қаражат сомасына көбейтіледі.
Еске салайық, Мираш Жұмашев тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларына байланысты бөлек шешім шығарылғанын қоса айтты.
-Өтемақыны төлеу туралы тәртібі екінші деңгейлі банктер үшін, олардың салымшылары үшін бөлек қарастырылған. Яғни бағамдық айырмашылықты Ұлттық банк бөледі.  Ал тұрғын үй құрылыс жинақ банкі үкіметтің тапсырмасы бойынша дайындалды. Оған қаржы Үкіметтен бөлінеді. 
 
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓