Кеншілер Көкшетауда кубокке таласады

Көкшетауда хоккейден Қазақстан Республикасы Кубогінің финалдық бәсекесінде рудныйлық «Горняк» сынға түседі.   
горнякЕскерте кетейік, алдыңғы іріктеу кезеңінде кеншілер қаласының командасы керекулік «Ертіске» буллит арқылы жол беріп қойған еді. Алайда, павлодарлықтар жарыс ережесін бұзған. Регламент бойынша, бес жас ойыншының орнына тек төртеуін ғаа мұз алаңға шығарған. Қазақстанның Хоккей Федерациясы осы жағдайды ескере отырып, ақтық сынға «Ертісті» шығармады. Тіпті, жарыстан шеттетті. 
Енді астаналық «Номад»  пен атыраулық «Бейбарыс» қола жүлдені сарапқа салады. Финалдық матчта рудныйлық «Горняк» пен көкшетаулық «Арлан» өнер көрсетеді. Екі ойын да Көкшетауда өтеді.  Жерлестерімізге сәттілік тілейміз!  
 
Кенже ҚОНЫСБАЙ

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓