Былғары қолғапшылар бәсекесі

 
Қостанайда белгілі боксшы Александр Мирошниченконы еске алуға арналған кезекті республикалық ашық турнир өтуде. Сеул Олимпиадасының қола жүлдегері, КСРО-ның үш дүркін жеңімпазы, Әлем және Еуропаның екі дүркін чемпионының құрметіне ұймдастырылған жарысқа 100-ге жуық жас былғары қолғап шеберлері жиналды. Қостанай боксы дегенде тоқсаныншы жылдардың басы еске түседі.

миро

 
 Сол  жылдар тұсында Ерік Хакімов, Александр Мирошниченко сынды саңлақтар халықаралық ареналарда атой салып, Тобыл өңіріндегі осы спорт түрінің дамуына зор еңбек сіңірген болатын. Міне осы намысты қолдан бермейтін қайсар қазақ ұлдарының жетістіктері мен атақ-даңқы бүгінгі күннен асқақ болары даусыз.
Жарыстың алғашқы күнінде 13 салмақ дәрежесінде шаршы алаңға шыққан жас боксшыларымыз сәтті өнер көрсетіп, бірінші айналымнан сүрінбей өтті. Александр Мирошниченконы еске алуға арналған турнир 14 тамызда аяқталады. Боксүйер қауым шаршы алаңдағы жекпе-жектерді Спорт сарайында тамашалауларына әбден болады.бокс

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓