Ұлы Жібек жолында…

Қытай Халық Республикасының «Синьхуа» ақпарат агенттігі «Жаңа Жібек жолы. Ұлы арман» мәдени гуманитарлық ақпараттық жобаның шеңберінде Қазақстан, Ресей, Грузия, және Италия аумақтарында автокеруен ұйымдастыруда. Жолға шыққан 21 журналист Ұлы Жібек жолындағы қалалардың назар аударарлық орындарын сурет және бейне таспаға түсіріп, лауазымды тұлғалар мен сарапшылардан сұхбат алып жүр. Сондай-ақ, әр ел жайында арнайы мақала жазып, бейнетүсірілім жасауда.  DSCN5614
Қазақстан аумағына түркі елдері арқылы енген «Синьхуа» ақпарат агенттігінің сарбаздары  Алматы, Балхаш, Астананы кесіп өтіп, Тобыл өңіріне табан тіреді. Мәртебелі меймандарды облыстық ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары Ерлан Қалмақов бастаған топ күтіп алды. Қонақтар Қостанайдың шырайлы жерлерін аралап, өңірдің тыныс-тіршілігімен танысты. Сапарларының мақсатымен бөлісті.DSCN5569
«Қытай мен Қазақстан Ұлы Жібек жолын қайта жандандыру жолында ауқымды жобаларды жүзеге асыруда. Біздің еліміз Жібек жолы экономикалық белдігін құруды үйлестіре жылжытуға ниетті. Қазақстан осы бағытта үлкен қолдау көрсетіп, қолға алынған істің барынша жылдам жүзеге асырылуына септігін тигізіп отыр.  Қытайлық тарап бұл фактіні жоғары бағалайды», — деп мәлімдеді «Синьхуа» ақпарат агенттігінің қызметкері Ху Джиа.
 «Синьхуа» — Қытайдағы ең ірі әрі сенімді ақпарат агенттігі. 1931 жылы негізі қаланған бұқаралық ақпарат құралының орталығы Пекинде орналасқан. Ақпарат агенттігі жұмыр жер бетінде 9 тілде, атап айтқанда, қытай, ағылшын, француз, орыс, испан, араб, жапон, тибет және ұйғыр тілдерінде ақпарат таратады.DSCN5643
Агенттіктің Қытайда 31, әлем бойынша 170 бөлімі  бар. 2500-ден астам меншікті тілшілері мен фото, бейне операторлары қызмет істейді. «Синьхуа» агенттігі күншығыс елінде 20-дан астам газет – журнал және бірқатар радиолар мен телеарналардың басын біріктірген. «Синьхуаның» сурет қоры Қытайдағы ең көне әрі бай саналады.
Халықаралық БАҚ ұйымдарының бірқатарына мүше агенттік әлемдегі жүзден астам әріптестерімен ақпарат алмасу келісімін жасаған көрінеді. Осы жолы да Қазақстанның бірқатар аймақтарымен, Грузия, Ресей мемлекеттерімен байланысын нығайтуды ойластырыпты.DSCN5689
Қонақтар Қостанайдың жағажайын қызықтап, орталық саябақты аралап, суретке түсіп, мәз-майрам болысты.  Облыс әкімдігінің алдында әуе қалықтау камерасымен қаланың үстінен бейнетүсірілім жасап, оны «Синьхуаның»  ресми сайтына жүктеуге тырысты. DSCN57141997 жылы құрылған «Синьхуа» агенттігінің ресми сайты қазірде  Қытайдағы ең ірі, әрі беделді электронды ақпарат құралы саналады. Аталған сайтты күніне 58 млн. адам оқиды. Ал, веб-парақшаны қараушылардың саны 280 млн. екен. Ендеше, мұндай ақпараттардың қазақ елінің имиджіне оң әсер етері сөзсіз.
 
Жұматай Кәкімжанов
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓