Қостанай қаласы әкімінің тағы бір орынбасары ұсталды

Облыс орталығында тағы бір шенеунік қолға түсті. Ол – қала әкімінің коммуналдық мәселелер жөніндегі орынбасары Фрунзик Аракелян. Жемқорлыққа жол бергені үшін айыпталып отыр.аракелян
Антикоррупциялық қызметтің қызметкерлері оның жұмыс бөлмесінен құжаттарды тәркіледі. Басылымның құқық қорғау органдарына жақын дереккөзі Аракелянның да, әкімнің тағы бір орынбасары Мақсұт Қалиевтің де Қостанайдағы халыққа қызмет көрсету орталығының құрылысына байланысты іске тартылып отырғанын хабарлады. 
Еске салайық, күні кеше Қостанай әкімінің орынбасары Мақсұт Қалиевтің ұсталғаны хабарланған-ды. Бүгін Қостанай қалалық №2 соты оны қамауға алуды санкциялады. Сонымен қатар, кәсіпкер Гагик Овнанян да ұсталып отыр. Оған әкім орынбасарына пара берді деген айып тағылуда. 
"Алдын ала мәлімет бойынша, Мақсұт Қалиев әуежай маңында Халыққа қызмет көрсету орталығының (АвтоЦОН) құрылысы кезінде "Сыл" ЖШС-ның мүддесін лоббилеген. Оның Овнянин Гагиктен алған парасы жалпы құны бір миллиард теңгеден асатын құрылыс мердігерлік бюджетінің 50 пайызына дейін жететін пара саналады", — деп жазады Tobolinfo.kz.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓