Өнері мен өмірі егіз

Ана құрсағында егіз жаратылған кішкентай бүлдіршіндер Дина мен Дана өнер жолында қатар келеді. Осы уақытқа дейін бірнеше байқауларға қатысып, көпшіліктің батасын алған қос әнші болашағынан үмітті.Изображение 2 899
Қостанай қаласында дуэт болып өнер көрсетіп жүрген тоғыз жасар Дина мен Дана Рудный қаласының №21 мектеп-гимназиясында оқиды. Ұстаздары Зульфия Сәрсенбаева түрлі байқауларға алып келіп жүреді. Егіздердің репертуарында қазақ, орыс тілдеріндегі балалар әндерінің қатары көп. Сүйкімді қыздардың бір-біріне ұқсағаны сонша,  түрлеріне қарап ажырату мүмкін емес. Киімдері де, қимыл-қозғалыстары да жарасып тұр. «Егіздерді тек мінез-құлықтарына қарап тануға болады. Олардың менен сабақ алғанына екі-үш жыл болса да, көптеген байқаулардан жүлдегер болып үлгерді. Қыздардың барлық байқауларда өз өнерлерін көрсетіп, шыңдалғанын қалаймын» – дейді ұстазы.
Қаламызда өткен «Bala Turkvizyon» байқауына да қыздар келіп, ән салды. Бақтарын сынады. Біз оларды осы жерден байқап, фототілші суретке түсіріп алған еді. Осы жолы ҚР еңбек сіңірген әртісі Айжан Нұрмағамбетова қыздарға ақ тілегін білдірді. «Егіздердің дауыстары жақсы ұйқасады. Сендер әрқашан бірге өнер көрсетулерің керек, болашақтарың  зор» деп олардың келешегіне ақжолтай тіледі.
 
Айтолқын  АЙҚАДАМОВА
СУРЕТТЕ: Дина мен Дана әкелерімен.
 
 
 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓