Түріктерден үйренеріміз көп

Түркиялық «Фимакс» компаниясының президенті Ихсан Юмлу бастаған бір топ бизнес өкілдері бір аптадан бері облыстағы бірқатар өндіріс ошақтары мен кәсіпорындарын аралап, олардың жұмысымен танысты.  Олар болашақта екі ел арасында экономикалық қарым-қатынас орнатуды көздейді.IMG_1264
         Бүгін түрік кәсіпкерлері БАҚ өкілдері үшін арнайы баспасөз мәслихатын өткізіп, көкейде жүрген ойларымен бөлісті. Журналистермен болған кездесуде Ихсан Юмлу өзінің Қазақ жерінен алған әсерлері туралы былай деді:IMG_1237
       -Біздер мұнда кәсіпкер ретінде келгенмен, Қазақ елі шын мәнінде ерекше әсерге бөледі. Бір кезде осы арада біздің ата-бабаларымыз өмір сүрген. Яғни , қазақ пен түріктің тарихы ортақ. Келгелі жылқы етінің дәмін таттық,  қымыз іштік және атқа мініп серуендедік.IMG_1194
        Кезінде осы ұлан-ғайыр далада түркілердің қалай өмір сүргенін танып,білдік.  Қазақ елі өте бай мемлекет. Тіпті, Американы емін-еркін қуып жететін байлықтарыңыз бар. Жер көлемі жағынан Түркиядан төрт есе үлкен екен.Топырағы өте құнарлы. Тағы бір айтарым, Қазақстан — ТМД елдерінің арасында ең демократияшыл мемлекет.Мұнда бизнесті  дамыту үшін  барлық жағдай жасалған. Елді дамыту үшін ең негізгі факторлар — қазба байлықтарыңыз мол, энергетика, коммуникация-барлығы бар.IMG_1205
       Ихсан Юмлу, кәсіпкер ретінде осындай мол мүмкіндіктерге ие Қазақ елінде кәсіпкерлікті дамытуға өз үлесімді қоссам деген ниеті барын  жасырмады.IMG_1199
      — Сіздерге мынаны айтайын: Біз кездескен кәсіпкерлердің барлығының  10 мың гектар жері бар екен. Бүкіл Түркияда мұндай бірде-бір адам жоқ. Бұл өте маңызды көрсеткіш. Мен Қазақстанды мүмкіндіктер елі деп атар едім, яғни осындай жетістіктеріңізге көз жеткізе тұрып, неге  инвестиция салмасқа деп ойландым.IMG_1208
       Тобыл өңіріне тұңғыш рет табан тіреп отырған түрік ағайындар, бұл өздерінің соңғы сапары еместігін айтты.  Ол үшін екі жақты әріптестік байланыс орнату маңызды. Егер тараптар қандай да бір ортақ мәмілеге келер болса, онда кәсіпкерлікті бірлесіп дамытуға даңғыл жол ашылары сөзсіз. IMG_1192Ең бастысы,  «Фимакс» компаниясы өз техникаларын Қазақстанға сату мәселесін қарастырмақ. Әлемдегі мойны озық он ірі тауар өндіруші  компанияның бірінен саналатын фирманың шығарған техникаларын   дүниежүзінің  сексеннен астам елі тұтынатын көрінеді. Өйткені, компания ең бірінші кезекте сапаға аса мән береді. Түрік техникаларына қызығушылық осыдан кеп туындаса керек.    IMG_0988         Жапония, Қытай, Оңтүстік Америка және Франция тәрізді  Еуразия елдері аттай қалап алып жүрген Анадолы бойындағы ағайындардың өнімін сатып алу туралы біздің елде бір де келісім-шарт жасалмаған. Алайда, осы олқылықтардың орынын толтыруға әлі де мүмкіндік зор.IMG_0700
          Түркиялық бизнес өкілдері, өздерін жылы шырайда қарсы алған облыс әкімі Нұралы Садуақасовқа, оның орынбасарларына алғыстарын жаудырды. «Аймақ басшысы бізге үлкен қолдау білдірді. Бұл екі ел арасында шағын және орта дамытуға  зор ықпалын септігін тигізеді деп ойлаймын.Сіздердің нарықтарыңызға батыл енуге көмегін тигізеді деп ойлаймын. Бұл жолы біз шағын ғана  құрамда келдік. Келесі жолы келгенде бір топ кәсіпкерлерді  ерте келеміз»,-деді «Фимакс» компаниясының президенті.IMG_0740
        -Мен ТМД елдерінің аумағынан шыққан азамат ретінде бір-екі ауыз сөз қоса кетсем деймін. Өзім Әзірбайжанның тумасымын. Ұзақ жылдар бойы Украинада тұрдым. Америкада, Жапонияда жұмыс істедім. Ал  Қазақстанға осымен үшінші рет келіп отырмын. Бұған дейін Астанада, Павлодарда болдым. IMG_0753Әр сапарым сайын бизнестің түрлі бағыттары төңірегінде Қазақ елін тереңірек танып, білсем екен деген мақсат тұрды алдымда. IMG_0754Сонда көріп, көңілге түйгендерім мені қатты таң қалдырды. Ресей, Украина, Беларусқа қарағанда Қазақстанда бизнесті дамыту аса қолайлы. Облыс әкімімен кездесу барысында, Қостанай облысының нарығын игеру туралы алдын ала келісімдерге келдік. IMG_0731Сол арқылы  Сіздердің байлықтарыңызды еселегіміз келеді,-деп ағынан жарылды басқарма төрағасының халықаралық байланыс жөніндегі  орынбасары Эльдар Велиев.IMG_0769
       Түркиялық делагация қостанайлық кәсіпкерлермен кездесудің нәтижелі боларына сенімді. Алайда, қысқа мерзім ішінде қандай да бір шешім қабылдау мүмкін еместігін тағы жоққа шығармады. Түрік кәсіпкерлері қостанайлық іскер топты өз елдеріне келіп, қайтуға шақырып отыр.IMG_0786 Екі ел бизнес өкілдерінің бірлесіп шешетін мәселесі ауқымды. Біріншіден, түрік ағайындарды, біздегі құс шаруашылығы қызықтырады. Екіншіден, олар өз техникаларын Қазақстанда сатуды ойластырып отыр.Үшінші кезеңде өнім өңдеу саласында өз бақтарын сынап көруді қалайды. Міне, түріктер осы негізгі үш бағыт бойынша инвестиция салуға қарсы емес. Шілде айының соңына қарай бір топ қостанайлық делегация Түркияға барып қайтпақшы.Бұл екі ел кәсіпкерлерінің бірін-бірі тереңірек танып, білуге  таптыртпас мүмкіндік. Бизнесті өркендетуге уақыт керек, ең бастысы алғашқы қадам жасалды.IMG_0778
       -Біздің техникаларымыз шағын алқаптарға шақталған.  Өз өнімдерімізді Жапонияға көбірек сатуымыздың сыры осында. Өйткені, ол жақта фермерлердің егістік көлемі аз. Ал Америкада Сіздердің елдеріңіз сияқты жер көлемі өте үлкен.  Негізі, біздің техникалар мал шаруашылығына арналған.IMG_1069
       Биыл әлемнің ең ірі 20 мемлекеті Түркияда бас қосады. Сонда шетелдіктерге  біз кез келген елдің экономикасын дамытуға шағын және орта кәсіпкерліктің қомақты үлес қоса алатындығын дәлелдемекпіз.  Қазіргідей әлемді жайлаған қаржы дағдарысы кезінде дүниежүзінде  өнім өндіру көлемі кеміді, ал Түркияда шағын және орта кәсіпкерліктің арқасында  бұл көрсеткіш ортадан төмен түсіп көрген емес,. IMG_1085Тіпті, өнім өндіру көлемі артты. Сіздердің елдеріңізде де  сондай кішігірім кәсіпорындарды өте көптеп құру керек.IMG_1079
       Әрине, ірі кәсіпорындар да  ел экономикасының өркендеуіне зор үлес қосады, бірақ, бүгінде әлемдік тәжірбие  бизнестің орта буыны тәуір нәтиже беретіндігін айқын көрсетіп отыр,-деді Ихсан Юмлу.IMG_1096
      Түркияда құс шаруашылығымен айналысатын Реха Челиклердің фермасында 250 мыңдай тауық өсіріледі. «Жалпы, мал және  құс шаруашылығындағы күтімнің екі арасы жер мен көктей. Біз Сіздердің құс өсіретін кәсіпорындарыңызды көріп, ондағы санитарлық талаптарға ерекше тәнті болдық. Бәрі ұқыпты етіп жасалған. Негізі, құсты өсіру аса қиын шаруа емес, ең маңыздысы- өнім өңдеу және сатуға айрықша мән берген жөн. Ең бірінші осыны жолға қою керек,-деді фермер,- Бұл бағыт бойынша  Түркия әлдеқашан дамып кеткен.  Сіздің елде климаттық жағдай өзгеше. IMG_0913Сондықтан, коммуникациялық жүйелер де біздегіден басқаша.Мәселен, қыстың күні қатпасы үшін  құбырды үш метр тереңдікке көмеді екен, бізде  бар болғаны 30 см тереңдікке ғана төсейді. Бұл дегеніңіз, тауардың өзіндік құны өзгеріске ұшырайды, басқада шығындар көлемі ұлғаяды деген сөз. Құс өсірумен айналысатын қазақстандық кәсіпорындардың осындай ерекшеліктері көзге бірден байқалады.  Қанаттыларды  азықтандру мәселесі бойынша да үйретеріміз бар.IMG_0998
       «Фимакс» компаниясының президенті Ихсан Юмлудың айтуынша,  түріктер бизнесті  өркендету жолында біз төрт бағытты тең үстанатын көрінеді. Ол  — баға, сапа, төзімдік және достық. Егер осы төрт формула түзілмесе, онда жетістік те болмайды. Тек бағаға көңіл болу жеткіліксіз. «Арзан баға қуу көрсеткіш емес. Қолыңызда сапасыз дүние болса, онда оны қалай сатасыз?  Бар бәселеге осы тұрғыдан келу керек,-деп ой түйді кәсіпкер.IMG_0921
        Фирма өз өнімдерін Жапонияға, Қытайға, Францияға сатады.  Осы алпауыт үш мемлекеттің түрік компаниясының техникаларына қызығуының себебі сол, мұнда баға  кейбір Еуропа елдеріне қарағанда 50 пайыз төмен, әрі сапасы өте жоғары. Соңғы кезде түріктер пішен дайындайтын 10 мың техника сатқан.IMG_0920Олардың шығарған 35 процент өнімдері экспортқа шығарылады, ал 65 проценті ішкі нарықтың қажеттілігіне жұмсалады,  Казір «Фимакстың» өнімдерін Вьетнам жаппай  алып жатқан көрінеді.  Өзбекстан да 200 мың долларға техника сатып алған.
Айбек КӘДІРҰЛЫ
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓