Үш ұпай еншіледі

Бүгін еліміздің алты қаласында футболдан Қазақстан Ұлттық чемпионатының Премьер-Лига командалары арасындағы кезекті 14-ші тур ойындары аяқталды. Қостанайдың «Тобылы» өз алаңында Павлодардың «Ертісін» қабылдады. Бұл матч биылдыққа алғаш рет Орталық стадионда өткізілді. Ойын алдында ғана құйып берген нөсерге қарамастан футбол көруге жиналғандардың қарасы мол болды. Орталық стадиондағы алғашқы матч мерекедегідей-ақ ұйымдастырылған екен. Қос қарсылас арасындағы кездесу басталмас бұрын жанкүйерлер «Карнавал» би ансамблінің өнерін тамашалады. Александр Губенко басқаратын үрмелі аспаптар оркестрінің мерекелік маршы да көрермендерге кәдімгідей қуаныш сыйлады.иртыш пен
Сонымен сағат тілі кешкі 18.00-ді соққанда командалар жасыл алаңға шықты. Турнир кестесінде бір-біріне иық тіресе орналасқан қос қарсыластың биылғы көрсеткіші олқы соғып тұр. Екі командаға да үш ұпай ауадай қажет. Павлодарлық команда да Қостанайға жеңілу үшін келмегені анық. Оның үстіне құрамында С.Сымақов, А.Кислицын, З.Плиев, А.Гатагов сияқты мықты футболшылар өнер көрсететін «Ертіс» командасы реті келсе сырт алаңнан ұпай олжалап қайтуды көздеп келгенін түсіндіріп жатпай-ақ қоялық. Сондықтан, жерлестеріміз ысқырық шалынысымен алдыға бірден лап қойды. Тізгінді өз қолдарына алған алаң иелері қарсыластар қақпасын әлденеше рет нысанаға алған еді. Өкінішке қарай бірде-бір доп «Ертіс» қақпасына дарыған жоқ. 29 минутта павлодарлықтардың айып алаңында Уче Калуға қарсы ойын тәртібі бұзылып, бас төреші сол жерден он бір метрлік айып добын белгіледі. Оны Ученің өзі мүлтіксіз орындады. 1:0! Бұдан кейін де бірнеше мәрте гол соғатын мүмкіндіктер болғанмен, жерлестеріміз талай мүмкіндікті сәтті пайдалана алмады.
Енді «Тобыл» 6 маусым күні «Шахтерге» қонаққа барады.
 
Айбек КӘДІРҰЛЫ

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓