Сәт сапар дегендей сыңырлаған қоңырау…

Кең байтақ еліміздің соның ішінде біздің облысымыздағы барлық  мектептерінде кезекті оқу жылының аяқталғанына арналған салтанатты соңғы қоңырау кеші болып өтті. IMG_8855Өңірдегі бес жүз алпыс мектебіміздегі  жоғары 11 сыныпты үстіміздегі жылы  төрт мыңға жуық түлек  бітіреді.  Облыс әкімі Н. Садуақасов мектеп бітіруші түлектерді құттықтау мақсатында Қостанай қаласындағы №1  мектеп-лицейіне барды.IMG_8852Ауа райы сәл салқындау, аспан бұлтпен көмкеріліп тұрса да, салтанатқа жиналған ата-аналардың да, мектеп оқушыларының да, түлектердің де жүздері шат, көңілдері көтеріңкі. Әсем музыка ойнап тұрды. Ең алдымен салтанат барысында мемлекеттік туы ортаға шығарылып, республикамыздың Әнұраны ойналды. IMG_8834Содан кейін жиналғандарды, мектеп бітіруші түлектерді  аймақ басшысы Н. Садуақасов құттықтады.
— Осыдан он бір жыл бұрын бірінші сыныпқа келген сіздер, мектепті бітіріп отырсыздар. Алдарыңызда  сан жол тұр.  Одан қорықпай өтіп, өздеріңіздің діттеген армандарыңызға жетіңіздер. Еліміздің жеткен жетістіктері мен табысы мол ел. Сіздер де сондай жетістікке жетіңіздер. Мектептен алған білімдеріңізді  ойлаған мақсаттарыңызға жұмсаңыздар. Облысымыздағы 13,5 мың  білікті педагогтар білімдерін сіздерден аяған емес-ті.  Оларға рахмет,- деп айта келіп, облыс әкімі түлектерге ақ жол тіледі.IMG_8982
     Мектеп бітірушілерді мектеп-лицей директоры С. Шарипова, ата-аналар атынан Б. Көпжасаров құттықтады, жылы лебіздерін білдірді, игі тілектерін  айтты. IMG_8824Салтанат  аясында түлектерді бірінші сыныптың оқушылары құттықтап, шағын тақпақтарын оқыса, ал,   мектеп бітіруші 11 сыныптың оқушылары он бір жыл бойы білім берген ұстаздарына рахметтерін айтып, гүл шоқтарын сыйлады. IMG_8906 Аспанға шар ұшып,  мектеп вальсі ойнады.IMG_8915 Естелікке  мектеп түлектері облыс басшысымен суретке түсті.
 
Гүлназым САҒИТОВА
Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓