Меценаттар Клубының сыйлығы табысталды

Бір топ шығармашылық иелері Қостанай Меценаттар Клубының мерейтойлық сыйлығымен марапатталды. Салтанатты іс-шара облыс әкімі Нұралы Садуақасовтың қатысуымен өтті.IMG_8416
Аталмыш сыйлық қалыптасқан дәстүр бойынша Жаңа жыл мерекесінің қарсаңында берілетін. Ал биыл марапаттау рәсімі жылдағы уақытынан ертерек ұйымдастырылды. Сондай-ақ Клубтың құрылғанына биыл 15 жыл толып отыр. Мерейтойлық датаға орай марапаттау рәсімі барынша сән-салтанатымен өтті.IMG_8392 Жергілікті өнерпаздар концерттік бағдарлама ұсынды. Іс-шараға жиналғандарды облыс әкімі Н.Садуақасов құттықтап, Меценаттар Клубының президенті В.Розинов та сөз алды. Өнер, білім, ғылым, журналистика, әдебиет, мәдениет салаларының топ жарған үздіктеріне «Қазына» және «Шабыт» сыйлықтары табысталды. «Журналистика» аталымында газетіміздің бас редакторы Жанұзақ Аязбеков «Қазына» сыйлығына ие болды. Ал әдебиет аталымында ақын Нағашыбай Мұқатов «Қазына» сыйлығымен марапатталды.IMG_8384
— Меценаттар Клубының сыйлығы шығармашылық иелерін шабыттандырды. Нәтижесінде қаншама таланттың жолы ашылды. Өнер адамдарының еңбегін ескерген қостанайлық кәсіпкерлерге мың алғыс. Бұл бастама дер кезінде қолға алынды. Сондықтан Меценаттардың еңбегін ерекше атап өткен жөн, — деді облыс әкімі Нұралы Садуақасов.IMG_8338
2000 жыл елімізде мәдениетті қолдау жылы болып жарияланған болатын. Дәл сол жылы өңірдегі шығармашылық иелерін қолдау мақсатында Қостанай Меценаттар Клубы құрылды. Осылайша облысымыздың кәсіпкерлері мәдениет саласының иелеріне қаржылай қолдау білдіруді қолға алды. Он бес жылдың ішінде Меценаттар Клубының 369 сыйақысы табысталған. Атап айтқанда 370 лауреат, 35 ұжым марапатталыпты.
 
Қымбат ДОСЖАНОВА
Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.

Читайте также:

1 комментарий

  1. Бәрекелді! Қадірлі үздіктер, еңбектеріңіз еленгені құтты болсын! Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт,  отбасына амандық, шығармашылық табыстар тілеймін! Еңбектеріңіз жемісті болсын. Игі ниетпен, газет оқырманы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓