Жалақылары қайтарылды

Қалалық прокуратураның ұйымдастыруымен, еңбек заңнамасын қадағалау, оның ішінде еңбекақының уақытылы төленуін бақылауды негізге алған мониторингтер жиі жүргізілуде. Ағымдағы жылдың басынан бері осындай шаралар арқасында, қаладағы 5 кәсіпорыннан жалпы сомасы 26 млн теңге қаржы өндіріп алынып, 207 жұмысшының жалақылары қайтарылды.айлык
Мәселен, жүргізілген анализ барысында, қала аумағында «ТЭК Титан» ЖШС мен «STRIKE» ЖШС-нің 19 жұмысшы алдында 1,5 млн теңгеге жуық қарыздары бар екені мәлім болды. Осы деректер бойынша аталмыш кәсіпорындарға, қол астындағыларының тиісті еңбекақыларын беру жолымен,заң бұзушылықты жуып-шаю туралы бұйрық шығарылды. Нәтижесінде, серіктестіктер, кеш те болса, берешектерінен толығымен құтылып, 19 адамның конституциялық құқығы қорғалды.
 
Жандос Жүсіпбек

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓