Өз алаңында ұпай жоғалтты

IMG_9061сайт

Премьер-Лиганың кезекті 7 турында Қостанайдың «Тобылы» өз алаңында «Ақтөбені» қабылдап 0:2 есебімен жол берді. IMG_8956сайтБірінші таймның 41-ші минутында А.Петухов қақпасының алдында болған қапылыста Данило есеп ашты. IMG_8967сайтОйынның екінші бөлігінде алаң иелері таблодағы есепті теңестіруге тырысқанмен, одан еш нәтиже шыққан жоқ. Керісінше, қонақтарн «Тобылдың» қорғанысын бұзып-жарып өтіп, әлсін-әлсін қауіп туғызумен болды. Осындай ұрымтал сәттердің бірінде Сергей Хижниченко өзіне бағытталған допты сәтті пайдаланып, А.Петухов қақпасына сүңгітті де жіберді. Қорытынды есеп 0:2. Өкінішті! IMG_9044сайтЕнді жерлестеріміз 19 сәуір күні «Таразға» қонаққа барады.
 
Айбек КӘДІРҰЛЫ
Суретті түсірген Бағдат Ахметбеков

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓