Ашынып айттым

Ұқсас мақалалар...

8 Responses

  1. Айдос:

    Әрбір ақын бір төбе ғой. Бірақ, Секең — біреу ғана! Серікбай ағамызды Қазақстанның кез-келген тұрғыны таниды. Әсіресе, алматылықтар жақсы біледі.  Қазақ өнерінің астанасы атанған Алматының тұрғындарын тамсандырған Серікбай Оспанұлының кешіне "қостанайлық зиялы қауым өкілдерінің" келмеуі — ол кісінің беделіне бақыр тиындай әсер етпейді. Есесіне, зиялы қауымның қаншалықты "ЗИЯЛЫ" екенін ашық көрсетеді.

  2. Айдос:

    Қазіргі заманда сол кісілердің сатирасын оқитын адам қалды ма екен? Барлығы бірдей Жайдарманның жеңіл әзілі мен Қабатовтың қалжыңдарына ауысып кеткен сыңайлы. . ))) Қазіргі ақын, жазушы, сатириктер жазуды қойып, бір-бірімен арпалысамын деп, жазуды мүлдем тастап кеткен сияқты

  3. Дәурен:

    Қайсар мырза, берген ақпаратыңызға мың алғыс. Айдос мырза да жақсы айтқан екен. Құдай бұйыртса, 18 сәуірде Секеңнің кешіне тайлы-тұяғымыз қалмай барып тамашалайтын болдық. "Қостанай таңына" да алғысым шексіз. Осындай материалдарды жазып, көтеріп жатқанына.

  4. web_redaktor:

    Құрметті, Әміржан Ғұбайдуллин, Медет, Сыншы, Дәурен, Қайсар және оқырман қауым!

     «Ел аузынан» айдарына оқырмандарымыздың өздері жіберген жаңалық, хабарлары жарияланады. Осы айдарға жарияланған мақаланың мазмұнына мақала авторы жауап береді. Мақалада біреудің ар-ожданына, құқына, жеке басына тіл тигізуге, балағаттауға сондай-ақ, ұлтаралық араздықты тудыруына, Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы ақпарат таратылуына жол берілмейді.  Мақалаға пікір білдірушілер де заң алдында жауапты!

    Біреуге жала жауып, тіл тигізгендер ҚР Қылмыстық Кодексінің ІІ бөлімі, 1 Тармағындағы 129 бапқа сай (3 жылға бас бостандығынан айыру) жауапқа тартылуы мүмкін. Өздеріңіз білесіздер, ақпараттық технология дамыған заманда, өз атымен я болмаса  бүркеншік атпен біреуге тіл тигізгендерді құзырлы органдар тез  анықтайтын болды. Бір-бірімізге тіл тигізіп балағаттағанша, сабырлық сақтап, пікірді заң аясында жазуларыңызды өтінеміз. 

  5. Аноним:

    Мүмкін мәні себеппен келмей қалған шығар.Ғұмар,Ақылбек,Нағашыбай,Серікбай ағаларымызбен Қостанай өңірі мақтанады. Осы кісілерді мен бөліп жармаймын.Қалеке ағама (мақала авторына) сәл ренишімди білдіргім келеді. Ашу үстінде жазылған мақала болса да ізін басып келе жатқан іні-қарындастарын бір сәт ойлауы керек еді.Осыдан біраз жыл бұрын айтысқан қос Мұхтар мен Бек-аға мен Қабдеш, тіптен Гера ағамызбен Жүрсін ақын,Дулат жазушыларымызға Елбасымыз "е,бәрекелді"  деп, солардың әрқайсысына "алтын жұлдыз" тағыпты дегенді естімеппін.Қалеке аға..   алдын ала кешіріммен.

  6. Жоғарыдағы кісілердің бәрі дерлік таланты да, адамгершілігі де жаман емес адамдар. Бірақ бәрі бірдей келмей қалуы келісіп алғандай екен. Бұл жерде Таланттың атағын, абыройын, елдің сүйіспеншілігін, құрметін қызғанады деп  ойлап отырмын. егер солай болса онда бұлары енді ұсақтықтың ұсақтығы екен. Ұят. Ал егер реті келмей, денсаулық жағдайы т.с.с мәселемен келмей қалса жөні басқа. пәлен деу қиын. Олар іші тар адамдар емес деп сенгім келеді. Ал Секең болса жүз жасасын,бала-шағасыынң қызығын көрсін, ондай баласын қазақ мақтан етуі, кішілер үлгі тұтып, үлкендер  еркелігін көтеруі керек. Себебі, Секеңе тек мәдениеттілік, ойлылық, парасаттылық, түзу әзіл, тұщымды сөз, кісілік жарасады. Жырлары қандай — маржандай, атқан таңдай.Елімізге тап осындай, нағыз зиялылар керек. Секең — әй-әй. Зиялы деген кім? Әрине — Серікбай Оспанұлы, Нағашыбай Мұқатов (келмесе де, өйткені ол жақсы адам),  Жанұзақ Аязбекұлы, Әсия Беркенова, Қасекең, Сәкең, Мұхтар Шаханов, Мекемтас Мырзахметов, Серік Қирабаев, Нұрғали Нүсіпжанов, т.б., және Мен әрине.

  7. Қалимәрден ақсақал қатты айтқан екен. Кешке аты аталған ағаларымыз мүмкін дәлелді себептермен келе алмаған шығар. Олардың Серікбай ағайға жаманшылық ойлағаны жөнінде нақты дәйек те жоқ. Ендеше келмегендерін "иттірлікке" теңеп, сонша дөрекілікке бару үлкен адамға лайық па? Мұндай сөзді отыздың о жақ бұ жағындағы есі кіресілі-шығасылы біреу айтса түсінуге болады. Соның өзінде сыңаржақ, әдептен жұрдай пікірді газет арқылы жалпақ жұртқа жариялау журналистік этикаға жат нәрсе. 

  8. Айдос, негізінде реалистсіз, десе де, бес саусақ бірдей емес. Талғам, тереңдік әр қилы. Ал беткеұстарларымыздың ұсақталуы туралы "мүмкін емес!" деп ойласақ жөн. Өйткені ой — материалды. Ендеше жақсы ойлау-жақсылықты құрайды. Асыл өмір құнды, қырқысу деген…адамтәріздес маймылдарға тән емес пе? :( Нүкте.

Добавить комментарий для Аноним Отменить ответ

Ваш e-mail не будет опубликован.

↓