10 сәуірден бастап қаланың кейбір көшелері жөндеу жұмысына жабылады

IMG_6552Биыл облыс орталығының көшелері ұзақ уақытқа жабылып, тұрғындарға қолайсыздық туғызбайды. Қостанай қаласы әкімдігінің бас инспекторы Самат Жанділдиннің хабарлауынша 10 сәуірден бастап Баймағанбетов көшесінің Хакімжанова – Л.Беды аралығындағы бөлігінде қозғалыс тоқтатылады.IMG_6554 Өткен жылы аталмыш аумақта су құбырларын жөндеу жұмыстары басталған еді. Тас жолдың беткі қабаты алып тасталған болатын. Енді ол қалпына келтірілмек. Күн райы жылынып, асфальт зауыты өз жұмысын бастаған  соң құрылысшылар іске кіреседі. IMG_6553Сонымен қатар Алтынсарин мен Нариман көшелерінде өткен жылы басталған жөндеу жұмыстары жалғасып, мұнда да қозғалыс тоқталмақ.  
 
Махаббат Бекбай  

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓