Қостанайлық футболшылар «Оқжетпеске» 0:2 есебімен есе жіберіп алды

 Премьер-Лига командалары арасындағы ел чемпионатының 3-ші тур ойындарына сәйкес Қостанайдың «Тобылы» өз алаңында (Затоболдағы «Затоболец»  стаджионында) Көкшетаудың «Оқжетпесін» қабылдады. Биылғы чемпионат басталғалы алғашқы қос турдың ойындарын сырт алаңда өткізіп, оның бірінде ірі есеппен ұтылып, екіншісінде тең түскен «Тобыл» футболшыларынан барша жанкүйерлер бұл жолы тек қана жеңіс күткені анық. Алайда, көптің үміті тағы да ақталған жоқ. Қостанайлық футболшылар «Оқжетпеске» 0:2 есебімен есе жіберіп алды.IMG_8971
       Естеріңізде болса, қысқы оқу-жаттығу жиындары кезінде көкшелік клубтың тізгінін танымал ресейлік футбол маманы Владимир Муханов ұстағаны белгілі. Төрт жыл бойы бірінші топта өнер көрсеткен «Оқжетпес» командасы Премьер-Лигаға жолдама ала салып, құрамына бірқатар талантты футболшыларды шақырғанын білеміз. Солардың арасында өткен жылы «Тобыл» сапында ойнаған Виталий Волков та бар.IMG_8975
       Айтпақшы, дәл осы В.Волков  ойынның 87-ші минутында «Тобыл» қақпасына доп соғып, командаластарына жеңіс сыйлады. Оның алдында беларуссиялық  легионер Дмитрий Павлов кездесудің 62-і минутында қақпашымен бетпе-бет шығып, А.Петуховтан айласын асырған. Қорытынды есеп 0:2!  Қоржынында жалғыз ғана ұпайы бар «Тобыл» әзірге турнир кестесінің соңғы орынында тұр. Енді жерлестеріміз 21 наурыз күні Павлодардың «Ертесіне» қонаққа барады.IMG_8970
      Матч соңында ойын нәтижесіне көңілдері толмаған бір топ жанкүйерлер команданың бас бапкері В.Минасянға наразылық білдірді. Тек матч соңынан өткен баспасөз-мәслихатында бас бапкер сүреңсіз ойын үшін барша қостанайлықтардан кешірім сұрады .
 
Әлібек ЫБЫРАЙ      
Суретті түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓