Алаяққа жаза кесілді

Лисаков қалалық сотымен 16 адамды алдап, ақшаларын қалтасына басып қалған айлакерге қатысты сот өкімі шықты деп хабарлайды Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі.решетка суд
Қылмысты жүзеге асырудың кестесін ойлап тапқан алаяқ 2013 жылдан бері 16 адамды құрығына түсірген. 35 жасар А. Шакалов өзін жеке кәсіпкер ретінде таныстырып, жерлестерімізге баспана сатып алуда көмек көрсету қызметін ұсынған.  Айлакер оның қызметіне жүгінген азаматтардан пәтер бағасының үштен бір бөлігін беруді талап еткен. Ал іс жүзінде ешқашан тұрғын үй саудасымен айналыспаған.
Сонымен А.Шакалов арам әрекетімен жалпы сомасы 20 870 000 теңгені құрайтын алдын ала төлемді  қалтасына басқан.
 Сотта айыпталушы өз кінасін мойындамай, өзінің сауда-саттық әрекеттерін заң аясында жүзеге асырғандығын алға тартты.
 Сот А. Шакаловқа 8 жыл 6 ай түзеу колониясында жазасын өтеу туралы өкім шығарды.
Махаббат Бекбай
 
 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓