Кеткен кемшіліктерден сабақ алуға тиіспіз

Жанкелдин аудандық ішкі істер бөлімінде аудан әкімі А.Кенжеғарин, аудан әкімінің құқықтық мәселе жөніндегі кеңесшісі Қ.Кәдірментаев және ішкі істер бөлімінің қызметкерлерінің қатысуымен жиын өтті. Басқосуда ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары Б.Жүнісов өткен жылы атқарылған жұмыстардың нәтижесін баяндады.полиц_22
Жалпы, ауданда қылмыстың алдын алу, оны болдырмау мақсатында профилактикалық жұмыстар аз жүргізілген сыңайлы. Себебі, 2013 жылмен салыс-тырғанда өткен жылы қылмыс жасағандар мен әкімшілік құқық бұзғандардың саны артып отыр. Әсіресе, бөтеннің мүлкін ұрлау, ішімдік ішіп көлік жүргізу фактілері көптеп кездесуде. Мәселен, былтыр мас күйлерінде көлік жүргізіп, жауапсыздық танытқан жүргізушілердің салдарынан сегіз адам көз жұмған. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, бұл көрсеткіш облыс бойынша да алдыңғы қатарда. Көлік жүргізу құжатын сатып алып, жол ережелерін бұзғандарды қоспағандағы мәлімет осындай. Барлық әкімшілік жауапкерші-лікке тартылғандар саны 2013 жылы 531 адам, ал  2014 жылы  864 адам. Яғни әкімшілік құқық бұзушылықтың да өсім пайызы анағұрлым артқандығы байқалады. Дегенмен, Жанкелдин ауданының ішкі істер бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесімен өткен жылы аудан көлемінде әкімшілік құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алуда шұғыл іс-шаралар жүргізілген. Комиссия мүшелерімен есепке алу-тіркеу тәртібімен ауылдық округтерге шығу, тексерістер жүргізу шаралары жалғасуда.
Жиын барысында аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы, полиция майоры Ж.Нұрғазин өткен жылғы кеткен кемшіліктер мен алдағы атқарылатын жұмыс жоспарларымен таныстырды.
– Қырағылық танытып, аудан, ауыл тұрғындарымен қоян-қолтық жұмыс жасасақ, қандай да болмасын қылмыстың алдын аламыз. Жасөспірім-дер арасындағы әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу үшін, барлық мектептерде айына бір рет ата-аналар мен оқушылар арасында түсінік жұмыстарын жүргізіп отыруға тиіспіз. Бұл тек айтылған әңгіме болмауы керек. Әбден зерттеп, оны саралап, нәтижелі жұмыс жасауға құқылымыз. Біз тек жазалап қана қоймай, барлық қылмыстың алдын алып, байсалдылықпен түсінік беруіміз керек. Ауылдық жерлердегі учаскелік инспекторлардың қанағатсыз жұмыс жасап отырғандықтарынан қылмыс жасау фактілері азаймай отыр. Мәселен, Көкалат, Қалам-Қарасу, Жаркөл ауылдық округтерінде осы мәселе белең алуда. Сондықтан, алдағы уақытта кеткен кемшіліктердің орнын толтырып, сабақ алуымыз  керек, – дейді бөлім бастығы Жасұлан Нұрғазин.
Жиын соңында сөз алған аудан басшысы Асқарбек Ахметбекұлы ішкі істер бөлімінің қызметкерлеріне әлі де болса қанағаттанарлық жұмыс жасаулары керектігін баса айтты. Жасалған әрбір қылмыстың ара-жігін ажырата білу үшін тереңірек зерттеп, әкімшілік құқық бұзған адамдармен жеке-жеке жұмыс жасап, алдын алу мақсатында түсінік жұмыстары да уақытылы жүргізілсе, бұлардың бірі де болмайтындығын алға тартты. Ал кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы құқық бұзушылықты болдырмас үшін аудан әкімдігі, аудандық ішкі істер бөлімі мен аудандық білім бөлімі бірлесе отырып, тығыз байланыста жұмыс жасалуы керектігі де тілге тиек етті. Сонымен қатар, аудан әкімі аталмыш мекеме қызметкерлерінің еңбектеріне толағай табыс, отбастарына амандық, жауапты қызметтеріне сәттілік тіледі.
Б. АХМЕТБЕКОВ.
 Жанкелдин ауданы.
 
 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓