Арнаулы жедел-тергеу тобы құрылды

Облыстық ішкі істер департаментінің криминалдық полиция басқармасы  облыс орталығының Корей кентінде әйелдерге шабуыл жасау фактілеріне қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 191 бабына(тонау) сәйкес қылмыстық істер қозғалғанын хабарлайды.
v-rostove-prodolzhayut-zaderzhivat-ulichnyx-vorovҚостанай қаласы ішкі істер басқармасында осы қылмыстарды ашу үшін тәжірибелі қызметкерлерден арнаулы жедел-тергеу тобы құрылған. Осы ауданда жедел-тергеу шаралары жүргізілуде. Патрульдік бақылау қызметі де күшейтілген.
Жәбірленушілердің біреуінің көрсетуі бойынша күдіктінің жасы 27-30 жас шамасында, бойының ұзындығы 160-165 см, орта бойлы. Күдіктіні анықтау жөнінде жұмыстар жүргізілуде.
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓