Бейнежазбадан күдіктіні таныды

Қостанай қаласында нашақор дүкеннен ірі сомада ақша ұрлады. Дүкенге орнатылған бейнеқадағалау камерасының көмегімен күдікті қолға түсті.
скачанные файлы (2)17 қаңтар күні кешкісін Жамбыл көшесіндегі "Легкий" дүкеніне кірген жігіт сатушының көзін ала беріп сол күнгі саудадан түскен ақшаның бәрін – 150 мың теңгені алып тайып тұрды. Жедел-тергеу тобы оқиға болған жерге жедел келіп жетіп, бейнежазбаларды қарады. Бейнежазбаны көрген тәртіп сақшылары бұрын сотталған 34 жастағы есепте тұрған күдіктіні танып қойды. Ол есірткі сатып алу үшін осындай әрекетке барғанын айтты. Күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды.
 ОІІД баспасөз қызметінің  материалдары бойынша әзірлеген
 М.Қабдрахметова.
 
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓