Сәби көзінен мұң көрдім

Жыл айрығында  бір жылды "ақтарып" шығып, өз-өзіңе есеп бере бастайды екенсің. Бір кабинетте отырған бір топ қыз ананы-мына еске аламыз да, арты қы-ран-топан күлкіге ұласып, не жазсам екен деп отырып қаламыз. Әркім өзінше есте қалар сәтті жаз-ғысы келеді. Әр жылдың өзіне тән ерекшелігі бар ғой. Оқырманмен осылайша бір сәт ішкі сырымызбен, бәлкім, қуаныш, мұңымызбен бөліскіміз келетін болар.
АйтолкынМен де әріптестерім секілді көп ойландым. Не жазсам болады. Былтырғы жылғы жазбама көзім түсті де құлазып кеттім. Былтыр дәл осы сәтте мен "Әрқашан болсын анам!" деп аяқтаған екенмін. Құдай аузыма салды ма деймін қазір мұңая. Себебі мен үшін   жылқы жылы жанымды жаралаған жағдай болды. Дүниедегі ең асыл жанымды жоғалттым. Аяқ асты анамнан айрылып, жан дү-нием беріштей қатып, бір-ақ күнде есейіп шыға келген едім. Бұрынғы менің анасыз балалар туралы жазып жүргенім де, түсінігім де жай екен. Анасыз өмір сүрудің не екенін мен енді ғана түсіндім. Енді ғана ұқтым.
Биыл жаңа жоба бастап, об-лыстық балалар үйіне бардық. Осы ошақта тәрбиеленіп жатқан қазақ балаларымен араласып, байланысып тұратынмын. Осындай күндердің бірінде редакция қызметкерлері қаражат қосылды да бал-ғындарға сыйлықтар тарту етті. Сондағы балалардың жан дүниесі біздерді   толқытты. Әкелген ойыншықтар олар үшін ыстық емес еді. Олар сол заттармен жақындарымен бөліскісі келгендігі ап-анық көрініп тұрды. Темірлан деген балақай бірден "Мен мұны әжеме беремін" деп күлім-сіреді. Алыста әжесінің барын ғана білетін қаршадай бала сол бір жанға жетуге асық. Ал інісімен бірге бір топта өсіп келе жатқан апалы-інілі бауырлар өзгеге емес туған бауырына деп қос бірдей ойыншықты бауырына қысты.              Бір сәтте сәби көзінен мұң көрдік. Мұң арқылы өмірдің бар мәні көрінгендей…
Тіршілік жеңістер мен жеңі-лістерден тұратын болса керек. Ылғи жеңіс бола бермейтіні секілді, бірыңғай сәтсіздіктер де кездесе бермейді. Келер жылда тек қана жақсылық болсын деп тілеймін.
Айтолқын Айқадамова

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓