Газетке деген адалдық!

аязбековАрнайы іссапармен Науырзым ауданына барып, "Қостанай таңының" оқырмандарымен кездесу өткізіп жаттық. Бір кезде әңгіме ауаны қазағы көп аудан тұрғындарының төл газетке мардымсыз жазылатыны, ұлт тілі мен діліне немқұрайлылық жайына ойысқандай сыңай байқалды.  Газетте анау жоқ, мынау жоқ деген сөз кенет тиыла қалып, енді  тілдің бір ұшы оқырманға тиіп кетті. Сол кезде аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Есімсейіт Тас-қынбаев ақсақал орнынан көтеріліп: "Газет жемқорлықты әшкерлеп, күресе ала ма? "Ауыл. Ауыл" дейміз.  Ол жалаң ұранға айналды. Айтуға, жазуға жақсы, бірақ нәтиже шамалы" деп өңірге қатысты мәселелерді лек-легімен бастырмалата айтып, бір уақытта төс қалтасынан бір жапырақ сар қағазды алып шықты. 
"Мынау, 1964 жылғы "Коммунизм жолы" (қазіргі "Қостанай таңы") газетіне жазылғаным туралы ақысы төленген түбіртек. (квитанция). Мен ержеткелі төл газетке үзбей жаздырып аламын" – деді ел ағасы.  Міне, ғажап! Осыдан  тұп-тура  50 жыл бұрынғы Кеңестер Одағының Елтаңбасы  бар түбіртек!  Міне, газетке деген адалдық, деп осыны айтыңыз!
Газеттің мұражайына қоялық деп сұрап алдық.
 
Жанұзақ Аязбеков

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓