Құрметтi қостанайлықтар!

nurotan-news-1404226238Міне, 2014 жылды тарих қойнауына тапсырып, жаңа жылмен қауышпақпыз. Бұл жыл партия үшін маңызды жылдың бірі болды. Себебі, "Нұр Отан" партиясы 15 жылдығын тойлады. Партия халықпен бірге осы 15 жыл ішінде көптеген сындардан өтіп, үлкен саяси күшке айналды. Қазақстандықтар жеке мәселелерді шешу үшін партияға сенім артып, қоғамдық қабылдау бөлмелеріне жиі келеді. Келер жылды нақты істермен қарсы алып отырмыз деп айтуға болады.                                       
Елбасы, Партия төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың көрегенді және сарабдал саясатының арқасында  тәуелсіз Қазақстанның беделі артып келеді және ертеңгі күнге деген нық сенім кедергілерді жеңіп, жеңістерге қуануға мүмкіндік берді.
Жаңа жылда сіздердің барлық жоспарларыңыз бен бастамаларыңыз жүзеге асырылып, армандарыңыздың  орындалуына тілектеспін. Баршаңызға мықты денсаулық, баянды бақыт тілеймін!
Ізгі тілекпен,
Әлия Сапарова,"Нұр Отан" партиясы Қостанай облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓