Қымбатты жерлестер!

SONY DSC2014 жыл да тарихқа айналды. Оның қорытындыларын шығара отырып қостанайлықтардың барлық қа-зақстандықтармен бірге біздің мемлекетіміздің басшысы Н.Ә.Назарбаев белгілеген  міндеттерді жүзеге асыру мақсатында аянбай қызмет еткенін атап өткен жөн. Біздің диқандарымыз үшін жыл аса күрделі, биылғы жиын-терін жұмыстары шын мәнінде нан үшін күрес болды. Дегенмен өткен жылы қиындықтарға қарамастан көп нәрсеге қол жеткіздік, біздің еліміз бұрынғыдан да жақсарып, көркейе  түсті. Бүгін біз жаңа жылды қуаныш сезімімен, болашаққа деген үмітпен және ізгі армандармен қарсы аламыз.
Осынау тамаша мерекені атап өту – біздің жанымызға жақын, жүрекке жылы дәстүрлеріміздің бірі. Ол ұрпақтан ұрпаққа беріліп, бізді біріктіре түседі.
Жаңа жылғы түнде әрбір үйде қуаныш, бақ-береке мен келісім орнасын! 2015 жыл бізге сәттілік әкеліп, арман-тілектеріміз орындала берсін!
Қостанай облыстық мәслихатының  хатшысы
С.Ещанов.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓