Кәсіптік шеберліктерін шыңдап…

IMG_0345Қостанай перинаталдық орталықта  «Стационардағы акушерлік», «Медбике ісі», «Амбулаториялық акушерлік қызметі» бағытында  кәсіби шеберлік бойынша байқау болып өтті. Байқауға облысымыздың жеті емдеу мекемесінен  он жеті  медициналық қызметкер қатысты.  Қостанай перинаталдық орталықтың бас дәрігері, қазылар алқасының мүшесі Т. Булгацевичтің айтуынша,  байқаудың басты мақсаты-медициналық IMG_0365 (1)қызметкерлердің кәсіптік  білім деңгейлерін, біліктілігін  және олардың моральдік-адамгершілік құлықтылығын анықтау.  Сол секілді алғаш рет  «Үздік балалар медбикесі», «Үздік амбулаториялық қабылдау акушері», «Үздік стационар акушері» атты номинациялары тағайындалып отыр.
Сайыс екі кезең бойынша өтті. Біріншісінде, қатысушылардың көмек көрсету аясында практикалық білімдері тексерілсе, екіншісінде, өздерінің кәсіби қызметін жақсарту мен біліктілігін арттырудың инновациялық идеялары және жобаларын көрсетулері қажет. Қатысушылар әр кезеңдегі тапсырмаларды орталықтың жеке туу залында, симуляциялық кластарда, консультативтік-диагностикалық бөлімде қазылар алқасы  мүшелерінің қатысуымен орындады. Әр қатысушы, акушер, медбике  тапсырмалар барысында өздерінің білімдері мен біліктіктерін көрсете білді, мәселен,   IMG_0386негізінен дүниеге  мерзімінен  бұрын  келген сәбилерге қалай күтім жасау керек, жүкті әйелдерге жедел қандай көмек көрсету қажет дегендей.
IMG_0501Сонымен,  байқау нәтижесі бойынша амбулаториялық акушер мәселелерінде  Қостанай қаласындағы №2 емхананың, перинаталдық орталықтың консультативтік-диагностикалық бөлімнің, Жанкелдин аудандық орталық арухананың  акушерлері А. Новикова, Т. Черноусова, Қ. Құсайнова  үздік атанды. Үздік стационар акушер деген атаққа Қостанай перинаталдық орталықтың  акушерлері Т. Миловицкая, Т. Ханова, С. Әлменова ие болды.  Ал, үздік балалар медбикесі болып облыстық аурухананың медбикесі Д. Садуақасова мен  перинаталдық орталықтың медбикелері А. Тарасова, Ә. Рысмухамбетова танылды. Жеңімпаздар облыстық ішкі саясат басқармасының дипломдары мен сыйлықтарымен марапатталды. Және де  «Шарапат» қоғамдық бірлестігінің сертификатына ие болды.
Гүлназым САҒИТОВА
Суретте: байқаудан көрініс
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓