Отбасындағы шуақ

DSC01541Бала үшін отбасындағы мейірімділік  пен  қамқорлыққа,  жауапкершілік  пен кешірімділікке, бір-біріне деген ықылас-пейілге не жетсін, шіркін!  Дегенмен өмір болған соң,  ақ пен қарадай  кей жағдайда өз ата-анасының үйі, ағайын-туған балаларымызға қауіпсіз бола бермейтіні анық. Бала өз отбасында бола тұра, өзінің ата-анасынан зорлық-зомбылық көруі мүмкін. Жай ғана мысал, егер ата-ананың айтқанын істемесе,  орындамаса  баланы ұрып-соғу я қатал жазалануы да ықтимал. Мүмкін бұндай жағдайлар бірлі-жарым кездейсоқ кездесетін шығар. Бар ата-ана баласына осылай қа-райды деп айта алмаймыз. Бірақ қоғамда жиі кездесетін оқиға-лардың бірі. Осындай оқиғаларды болдырмау үшін ата-ана, мектеп, қоғам болып атсалысуымыз керек. Оның мысалы ретінде  облысымызда "Отбасы жеке тұлғаның құндылықтарының әлеуметтік дамуы мен қалыптасуындағы фактор" атты  тақырыпта өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференцияны айтуға болады. Әрине, үлкен жиын болған соң отбасына қатыс-ты проблемалар пленарлық  отырыс пен секцияларда жан-жақты талқыланған-ды. Осы конференцияның "Бастауыш мектеп жасындағы балалар бойында отбасылық құндылықтарды қа-лыптастыру" атты  өзекті  тақырыптағы секциясы Қостанай қаласындағы №24 мектеп-гимназиясында болып өтті.   Жиынды модератор мектеп психологы Б. Хамитова  жүргізіп отырды. Тақырыпты талқылау аясында облыстық аурухананың психотерапевті, медициналық ғылымдарының кандидаты Н. Жаркова, А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-нің психология кафедрасының профессоры, психология ғылымдарының кандидаты Л.Саркисян, №24 мектеп-гимназияның директоры С.Кә-рімова  сөз сөйлеп,  бала тәрбиесіндегі отбасының мәні,  оның  қазіргі кезде қандай болуы қа-жеттігін, ұрпақ тәрбиесінде әр ұлттың  ұлттық  салт-дәстүрі өзіндік рөл атқаратындығын,  отбасындағы татулық, бір-біріне деген  қамқорлық  балаға ауадай қажетті  дүние екендігін айтты.
– Әрине, бүгінгі таңда отбасындағы  ахуалға  отбасының бар мүшесі  жауапты десек қателеспейміз.  Ұрпағымызды  жақсы тәрбиелеп, қоғамымыздың, елі-міздің  нағыз азаматы болып өс-сін десек, ата-ана ретінде тәрбие-ге бар жауапкершілікпен  қарағанымыз жөн болар. Әсіресе, тақырыпты талқылау барысында педагогтар  Б.Ермағанбетованың "Бүгінгі отбасындағы  бала тәр-биесінің өзекті  мәселелері",  М.Антаеваның "Отбасы тарихы –  ұрпаққа өнеге", Д.Ағытаеваның "Адами қарым-қатынасқа  баламызды үйретейік", Ф.Үмбетованың "Адами құндылықтардың отбасындағы рөлі", Т. Камалованың "Қазақ халқының салт-дәстүрі және әдет-ғұрпы арқылы  отбасын  тәрбиелеу"  атты  баяндамаларында отбасының өз ұрпағына деген  ықпалы мен әсер күшін,  ата-ананың балаға деген махаббатын, шуағын, мейірімін өмірде ештеңемен салыстыруға болмайтындығын, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпының өзіндік тәрбие-лік мәні зор екенін, тәрбие басы әдептіліктен басталатындығын  атап өтті, – деді бізге  №24 мектеп-гимназиясының өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі А.Саекеева.
Сол секілді жиынға қатысушылар, ата-аналар мамандарға өздерінің толғандырған сұрақтарын қойып, пікір-ұсыныстарын айтты. Ал, мектеп-гимназияның оқушылары Жанел Ғалымжанова, Айя Балташ болса, өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты көрініс қойды.
Гүлназым
        САҒИТОВА
Суретте: іс-шарадан көрініс.
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓