Тонаушыны қолға түсірді

15 қараша күні Лисаков қаласындағы бір азық-түлік дүкеніне қолына пышақ ұстаған мас адам кіріп келіп, сатушыны қорқытпақ болды. Оның дүкен тонауға алдын ала дайындалғаны байқалды. Тоқыма бас киімді бетперде қылып, қолына асүй пышағын алған. Дегенмен, сатушы да осал емес екен. Жанында тұрған еден жуатын таяқпен   тонаушының қолынан бір перді. Қарсылық күтпеген тонаушының абдырап қалғанын пайдаланған сатушы әйел сыртқа қашып шығып, көмекке шақырды. Сол жерден өтіп бара жатқан үш жігіт тонаушының соңына түсіп, қуып жетті. Сатушы күдіктіні таныды, ол бұрын дүкенге келіп жүрген екен. Тонаушыға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Лисаков қаласының полиция бөлімі қылмыскерді ұстауға көмек көрсеткендерді марапаттау туралы ұсыныс жасамақ.
Облыстық ІІД  баспасөз  қызметі.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓