Істі сотқа жеткізбей аяқтады

Жыл басынан бері сотқа жетпей біткен қылмыстық істің саны 1123 болса, олардың басым бөлігі бітімгерлікпен, яғни медиация тәсілімен аяқталған. Бұл туралы облыстық прокуратурада өткен алқа мәжілісінде құзырлы органның 10-басқарма бастығы Асан Жақыпов мәлімдеді. Оның сөзінше, егер жәбірленуші тараптың талабы орындалып, құқығы қорғалып жатса, онда ауыр емес қылмыстарды сотқа жеткізбей-ақ, медиация жолымен шешуге болады. "Дегенмен тәртіп сақшылары мұндай тәсілге құлық таныта бермейді. Соның салдарынан тергеушілер, мемлекеттік айыптаушылар мен судьяның уақытын босқа алады" деді Асан Жақыпов.
Айта кету керек, алдағы жылдан бастап еліміздің қылмыстық кодексі мен қылмыстық-процессуалдық кодексіне сотқа дейінгі бітімгерлікке келуді енгізу басты назарда болмақ.
Шұға                          
            ҚОҢҚАБАЙ
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓